Мұнайлы ауданы бойынша 2024 - 2026 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 маусым 2026 ж.

    Мұнайлы ауданы бойынша 2024-2026 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы

    «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12353 болып тіркелген), Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Мұнайлы ауданы бойынша 2024-2026 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі айқындалсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы

    Ж. Матаев

    Маңғыстау облысы мәслихатының

    2026 жылғы 29 маусымдағы

    № 28/331 шешіміне қосымша

    Мұнайлы ауданы бойынша субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі

    Марш­рут ата­уы және (неме­се) нө­мі­рі
    Марш­рут тү­рі
    1
    № 13А «Маң­ғы­стау – Дәу­лет – Қы­зы­л­тө­бе»
    Ауда­ні­ші­лік
    2
    «Маң­ғы­стау – Ата­ме­кен»
    Ауда­ні­ші­лік
    3
    «Маң­ғы­стау – Ба­тыр»
    Ауда­ні­ші­лік
    4
    «Маң­ғы­стау – Ба­ян­ды»
    Ауда­ні­ші­лік
    5
    №14 «Ба­тыр»
    Ауы­лі­ші­лік

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.