Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ «Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ «Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ «Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 47-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Абай облысы мәслихатының төрағасы

    К. Сулейменов

    Абай облысы мәслихатының

    2023 жылғы 13 желтоқсандағы

    № 11/84-VIII шешіміне

    қосымша

    Абай облыстық мәслихатының

    2023жылғы 20 сәуірдегі

    № 2/18-VIII шешімімен

    бекітілді

    Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

    Арнаулы су пайдаланудың түрі (өлшем бірлігі)
    Өзендер, көлдер бассейні
    Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер (теңге/1000 текше метр)
    Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде (теңге/1000 текше метр)
    Ауыл шаруашылығы (теңге/1000 текше метр)
    Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашы-лықтары (теңге/1000 текше метр)
    Су энергетика (теңге/1000 киловатт-сағат)
    Су көлігі (теңге/1000 тонна-километр)
    Ертіс өзенінің бассейні
    181,45
    521,31
    146,89
    146,89
    54,73
    20,16
    Балқаш және Алакөл көлдерінің бассейні
    167,05
    460,83
    132,49
    126,73
    48,97
    14,40

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.