«Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 19 маусымдағы № 431 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 желтоқсан 2023 ж.

    «Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 19 маусымдағы № 431 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 19 маусымдағы № 431 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6264 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің атауында және 1-тармағында «облысішілік» деген сөз алынып тасталсын;

    көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 54-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;

    көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    Г. Суентаева

    2023 жылғы 13 желтоқсандағы

    № 83 шешіміне қосымша

    Облыстық мәслихаттың

    2019 жылғы 19 маусымдағы

    № 431 шешіміне қосымша

    Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесі

    Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың атауы
    Қа­ты­на­стың тү­рі
    1.
    Ақ­тө­бе - Ал­ға
    Алға ауданы
    облысішілік
    2.
    Ақ­тө­бе - Мар­жан­бұ­лақ
    3.
    Ақ­тө­бе - Те­мір­бек Жүр­ге­нов
    Әй­те­ке би ауда­ны
    4.
    Ақ­тө­бе - Қа­ра­уыл­кел­ді
    Бай­ға­нин ауда­ны
    5.
    Ақ­тө­бе - Ба­дам­ша
    Қар­ға­лы ауда­ны
    6.
    Ақ­тө­бе - Ыр­ғыз
    Ыр­ғыз ауда­ны
    7.
    Ақ­тө­бе - Қоб­да
    Қоб­да ауда­ны
    8.
    Ақ­тө­бе - Са­ры­жар
    Мәртөк ауданы
    9.
    Ақ­тө­бе - Род­ни­ков­ка
    10.
    Ақ­тө­бе - Мәр­төк
    11.
    Ақ­тө­бе - Мәр­төк - Жай­саң
    12.
    Ақ­тө­бе - Қан­дыа­ғаш
    Мұғалжар ауданы
    13.
    Ақ­тө­бе - Ем­бі
    14.
    Ақ­тө­бе - Ой­ыл
    Ой­ыл ауда­ны
    15.
    Ақ­тө­бе - Шұ­бар­құ­дық
    16.
    Ақ­тө­бе - Кең­ки­яқ - Сар­көл
    17.
    Ақ­тө­бе - Жа­ңа­жол
    18.
    Ақ­тө­бе - Хром­тау
    Хром­тау ауда­ны
    Хромтау ауданы
    19.
    Ақ­жол дү­ке­ні - 22 квар­тал ша­ғын ауда­ны
    Хромтау қаласы
    қалалық
    20.
    Жа­ңа стан­ция ша­ғын ауда­ны - 22 квар­тал ша­ғын ауда­ны
    21.
    Дөң ауыл­дық әкім­ді­гі - Каз­по­шта
    Қобда ауданы
    22.
    Қоб­да - Кө­күй
    аудан­ші­лі­лік
    23.
    Әль-Фа­ра­би кө­ше­сі - Ме­шіт
    Қоб­да ауы­лы
    ауыл­дық
    Мұғалжар ауданы
    24.
    Ша­па­ғат ау­ру­ха­на­сы - Са­мал ша­ғын ауда­ны
    Қандыағаш қаласы
    қалаішілік
    25.
    Ша­па­ғат ау­ру­ха­на­сы - Сә­кен Сей­фул­лин кө­ше­сі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.