Ойтал ауылдық округі Меркі станциясы және Ойтал ауылының көше атауларын өзгерту туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 желтоқсан 2023 ж.

    Ойтал ауылдық округі Меркі станциясы және Ойтал ауылының көше атауларын өзгерту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 2 ақпандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:

    1. Ойтал ауылдық округі, Меркі станциясы және Ойтал ауылының көше атаулары өзгертілсін:

    Меркі станциясы бойынша:

    1) Семафорная көшесі Сарыарқа көшесіне;

    Ойтал ауылы бойынша:

    1) Ф.Дзержинский көшесі Мұхтар Әуезов көшесіне;

    2) С.Королев көшесі Керей хан көшесіне;

    2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Округ әкімі

    А. Рахимбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.