2024 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 желтоқсан 2023 ж.

    2024 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына және 62-бабының 6-2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

    2. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    А. Байханов

    Павлодар облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 22 желтоқсандағы

    № 350/4 қаулысына

    қосымша

    Павлодар облысы бойынша 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Қосымша білім беру бағыттарының түрлері
    Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны
    Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге
    1
    Ғылыми-техникалық
    420
    13016
    2
    Туризм және өлкетану
    340
    13016
    3
    Экологиялық-биологиялық
    405
    13016
    4
    Көркемдік-эстетикалық
    610
    13016
    5
    Әлеуметтік-педагогикалық
    540
    13016
    6
    Гуманитарлық
    615
    13016
    7
    Жаратылыстану-математикалық
    400
    13016
    Барлығы:
    3330

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.