Ақмола облысы Жақсы ауданы Беловод ауылдық округі Беловод ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 желтоқсан 2023 ж.

    Ақмола облысы Жақсы ауданы Беловод ауылдық округі Беловод ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

    1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Беловод ауылдық округі Беловод ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:

    Ленин көшесін Амангелді Иманов көшесіне;

    Чкалов көшесін Мәншүк Мәметова көшесіне.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін кұнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Әкім

    Ж.Дахай

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.