Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/220-VI «Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/220-VI «Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/220-VI «Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5626 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін көтеру туралы»;

    1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

    «1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері 1-қосымшаға сәйкес көтерілсін.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Д. Рыпаков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.