Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 шілде 2025 ж.

    Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы

    «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

    А. Сәтқалиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрінің

    2023 жылғы 22 желтоқсандағы

    № 458 бұйрығымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары

    Ата­уы
    Та­у­ар на­ры­ғы­ның гео­гра­фи­я­лық ше­ка­ра­ла­ры
    Шал­ғай­да­ғы аудан­дар­ды қо­с­па­ған­да, қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­мен шек­ті бөл­шек са­уда ба­ға­сы, 1 литр үшін тең­ге
    Об­лыс ор­та­лы­ғы­нан 200 (екі жүз) ки­ло­метр­ден астам қа­шық­тық­та ор­на­лас­қан шал­ғай аудан­дар үшін қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­мен шек­ті бөл­шек са­уда ба­ға­сы, 1 литр үшін тең­ге
    1.
    Сұй­ы­ты­л­ған мұ­най га­зы
    Аста­на қа­ла­сы
    112
    -
    2.
    Ал­ма­ты қа­ла­сы
    112
    -
    3.
    Ақ­тө­бе об­лы­сы
    85
    90
    4.
    Аты­рау об­лы­сы
    85
    90
    5.
    Ақ­мо­ла об­лы­сы
    112
    117
    6.
    Ал­ма­ты об­лы­сы
    112
    117
    7.
    Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
    112
    117
    8.
    Жам­был об­лы­сы
    102
    107
    9.
    Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
    85
    90
    10.
    Қо­ста­най об­лы­сы
    112
    117
    11.
    Қы­зы­лор­да об­лы­сы
    102
    107
    12.
    Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
    112
    117
    13.
    Маң­ғы­стау об­лы­сы
    72
    77
    14.
    Пав­ло­дар об­лы­сы
    112
    117
    15.
    Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
    112
    117
    16.
    Түр­кі­стан об­лы­сы
    102
    107
    17.
    Шым­кент қа­ла­сы
    102
    -
    18.
    Абай об­лы­сы
    112
    117
    19.
    Же­ті­су об­лы­сы
    112
    117
    20.
    Ұлы­тау об­лы­сы
    112
    117

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.