«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына толықтыру енгізу туралы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 желтоқсан 2023 ж.

    «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына толықтыру енгізу туралы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарында пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының нысандары:

    осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/е нысанымен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізлімінде № 2423 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

    А. Ғиният

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Оқу-ағарту министрі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрі

    2023 жылғы 19 желтоқсандағы

    № 173 бұйрығына

    қосымша

    «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысаны

    1. Жалпы ережелер

    Баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________________

    ЖСН______________________________________________________________________

    Туған күні _________________________________________________________________

    Жынысы__________________________________________________________________

    Үйінің мекенжайы (немесе интернат үлгісіндегі ұйымның мекенжайы)________________

    Заңды өкілдер туралы мәліметтер:

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    __________________________________________________________________________

    Тіркеу емханасы ___________________________________________________________

    Қан тобы ______________ Резус-факторы ______________________________________

    Мүгедектік (иә / жоқ)_______________ топ _____________________________________

    Бала диспансерлік есепте тұр ма (иә / жоқ)______________________________________

    Диагноз (АХЖ-10 коды)*_____________________________________________________

    Диспансерлік есепке алу күні _________________________________________________

    * B20-B24, F00-F99 диагноздарды қоспағанда

    1-кесте. Ұйымдардың сипаттамасы

    Тү­су айы, жы­лы
    Ұй­ым­дар­дың си­патта­ма­сы
    Мек­теп­ке дей­ін­гі
    Жал­пы ор­та бі­лім бе­ру ұй­ы­мы
    Ин­тер­нат үл­гі­сін­де­гі ұй­ы­мы
    Жал­пы
    Тү­зе­ту
    Жал­пы
    Тү­зе­ту
    Жал­пы
    Тү­зе­ту
    2. Анамнестикалық мәліметтер
    2-кесте. Аллергоанамнез
    Ал­лер­гия (ия/жоқ)______________
    Ал­лер­гия тү­рі*
    Ал­лер­ген
    Қай жастан ба­стап
    Ди­а­гноз қой­ы­л­ған жыл
    Ес­керт­пе­лер
    * Аллергия түрі: вакциналық, дәрілік, аллергиялық аурулар.
    3-кесте. Балалық шақтағы жұқпалы аурулар
    Ау­ру­лар
    Жыл
    Ау­ру­лар
    Жыл
    Қы­зы­л­ша
    Диф­те­рия
    Кө­кж­өтел
    Ту­бер­ку­лез
    Жан­ш­әу
    Эпи­де­ми­я­лық па­ро­тит
    Іш сүзе­гі
    Жел­ше­шек
    Қы­за­мық
    Ви­ру­стық ге­па­тит (А, В, С, Д)
    4-кесте 4. Ауруханаға жатқызу туралы мәліметтер
    (жарақаттарды, операцияларды қоса алғанда)
    Кү­ні (ба­стал­ған күн­нен ба­стап аяқ­тал­ған кү­ніне дей­ін)
    (АХЖ-10 ко­ды) ди­а­гно­зы
    Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым
    5-кесте. Санаторлық-курорттық (және оған теңестірілген) емдеу туралы мәліметтер
    Күн
    Ди­а­гно­зы (АХЖ-10 ко­ды)
    Ұй­ым
    Бей­ін
    Кли­мат­тық ай­мақ
    6-кесте. Соңғы күнтізбелік жылдағы еңбекке уақытша жарамсыздық туралы мәліметтер
    Анық­та­ма бе­рі­л­ген кү­ні
    Ди­а­гно­зы (АХЖ-10 ко­ды)
    Анық­та­ма бер­ген ме­ди­ци­на­лық ұй­ым
    Дә­рі­гер­дің ТӘЖ
    ба­стап
    дей­ін
    3. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес «Профилактикалық екпелердің картасы» № 065/у нысаны бойынша профилактикалық екпелер болуы туралы мәліметтер (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген).
    4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына сәйкес профилактикалық медициналық қарап-тексерулердің мәліметтері (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 21820 болып тіркелген).
    7-кесте. Соңғы күнтізбелік жылдағы профилактикалық тексерулер туралы мәліметтер*
    Па­ра­метр­лер
    ағым­да­ғы жас­қа ар­нал­ған соң­ғы күн­тіз­бе­лік жыл­да­ғы про­фи­лак­ти­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Зерт­теп-қа­рау кү­ні
    Бойы
    Сал­мақ
    Қо­ры­тын­ды ди­а­гноз (оның ішін­де негіз­гі және іле­с­пе ау­ру­лар)
    Ден­са­улық то­бы
    Дене шы­нық­ты­ру са­бақ­тар үшін ме­ди­ци­на­лық то­бы
    Ұсы­ны­стар
    * Жүргізілген өзекті профилактикалық қарап тексерулер туралы мәліметтер болмаған жағдайда баланың тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну ұсынылады.
    8-кесте.
    Психологиялық-медициналық-педагогикалық
    консультацияға (бұдан әрі – ПМПК) жіберу туралы мәліметтер*
    ПМПК-ға жі­бе­рі­л­ген кү­ні
    Ди­а­гно­зы (АХЖ-10 ко­ды)
    ПМПК өт­кен­ді­гі ту­ра­лы бел­гі
    * болған жағдайда

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.