«Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2-6 шешімнің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7482-15 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы
А. Рахметова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.