«Шиелі ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 09 желтоқсандағы № 47/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шиелі ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 09 желтоқсандағы №47/10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7013 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шиелі ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
4-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;»;
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шиелі аудандық мәслихат төрағасы
А.Жандарбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.