Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабының 4, 5 тармақтарына сәйкес Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері төлем тәсіліне байланысты келесі мөлшерде белгілесін:
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
М.Сатқанов
Келісілді: Орал қалалық мәслихатының төрағасы Е.Қалиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.