Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі «2023 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы № 89/2 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 желтоқсан 2023 ж.

    Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі «2023 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы № 89/2 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі «2023 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы № 89/2 қаулысына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 180019 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Мыналар бекітілсін:

    осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормалары;

    2023 жылға арналған пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға 2 669 102 000 (екі миллиард алты жүз алпыс тоғыз миллион жүз екі мың) теңге қаражатының бюджет көлемдері.»;

    көрсетілген қаулы қосымшасының 90-тармағы мынадай мазмұндағы 90-1 жолмен толықтырылсын:

    «

    90-1
    Жойқын Мега, 60% сулы ерітінді
    литр
    3 528,00
    »;
    көрсетілген қаулы қосымшасы мынадай мазмұндағы 116-1 жолмен толықтырылсын:
    «
    Глифосат, 747 грамм килограмына
    116-1
    Жойкын Дара, сулы-дисперленген түйіршіктер
    килограмм
    5 000,00
    ».
    2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
    осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
    осы қаулыны Павлодар облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Осы қаулының орындалуын бақылауды облыс әкімінің жетекшелік ететін орынбасарына жүктелсін.
    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Павлодар облысының әкімі

    А. Байханов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.