Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі «2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» № 90/2 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі «2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» № 90/2 қаулысына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 180071 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулы қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі
А. Байханов
Павлодар облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
20 желтоқсандағы
№ 336/4 қаулысына
қосымша
2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері
|
Бюджет
түрі
|
Субсидия көлемдері, мың теңге
|
|||
|
бірегей тұқымдар
|
элиталық тұқымдар
|
бірінші репродукция тұқымдары
|
бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары
|
|
|
Республикалық
|
42 288
|
589 492
|
627 890
|
140 330
|
|
Жиыны:
|
1 400 000
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.