Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 13 желтоқсан 2023 ж.
Астрахан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 мамырдағы № 8С-5-3 «Ақмола облысы Астрахан ауданында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астрахан аудандық мәслихатының «Ақмола облысы Астрахан ауданында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемерін бекіту туралы» 2023 жылғы 19 мамырдағы № 8С-5-3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8569-03 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы
М.Қожахмет
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.