2023 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 желтоқсан 2023 ж.

    2023 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2023 жылға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.

    2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Ақтөбе облысының әкімі

    А. Шахаров

    Ақтөбе облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 15 желтоқсандағы

    № 355 қаулысына қосымша

    2023 жылға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары

    Ба­сым ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның ата­уы
    1 тон­на­ға ар­нал­ған суб­си­дия нор­ма­сы, тең­ге
    1
    Күн­ба­ғыс
    15 000,0
    2
    Мақ­са­ры
    15 000,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.