«Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 желтоқсан 2023 ж.

    «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22000 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    Осы бұйрықпен бекітілген «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген) бекітілген балық аулау қағидаларының 19-тармағында көрсетілген қармақсаптардың барлық түрлерімен жыланбасты алып қоюға жол беріледі. Жыланбасты алып қоюдың мерзімдері «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11939 болып тіркелген) реттеледі.».

    «Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    «Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі

    Е. Нысанбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы Цифрлық

    даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Экология және табиғи

    ресурстар министрі

    2023 жылғы 15 желтоқсандағы

    № 363 Бұйрыққа

    1-қосымша

    «Саны реттеуге жататын

    жануарлар түрлерін алып

    қоюға рұқсат беру»

    мемлекеттік қызметін

    көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    (кімге) ______________________

    (көрсетілетін қызметті берушінің

    толық атауы)

    (кімнен) ____________________

    (көрсетілетін қызметті алушының

    толық атауы)

    мекенжайы __________________

    (индекс, облыс, қала, аудан, көше,

    үй №, пәтер № (бар болса),

    телефоны) көрсетілетін қызметті

    алушының деректемелері

    ___________________________

    (бизнес сәйкестендіру нөмірі,

    жеке сәйкестендіру нөмірі)

    Өтінім

    Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алуға рұқсат беруді сұраймын

    Жа­ну­ар­лар са­нын рет­теу мақ­са­ты және негі­зі
    Алып қою тә­сіл­де­рі (жою, ол­жа­лау, аулау, атып алу, жи­нау, со­ғып алу)
    Аң­шы­лық ку­ә­лі­гі­нің және қыз­мет­тік қа­ру­ды және оның па­трон­да­рын са­тып алу­ға, сақ­та­у­ға, сақ­та­у­ға және өзі­мен алып жү­ру­ге, та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған рұқ­сат­тың нө­мі­рін, бе­рі­л­ген кү­нін және қол­да­ны­лу мер­зі­мін көр­се­те оты­рып, рұқ­сат­ты пай­да­ла­ну­ға жа­у­ап­ты тұл­ға. Ше­тел­дік үшін ше­тел­дік­тің тұр­ғы­лық­ты ау­ма­ғын­да бе­рі­л­ген аң аула­у­ға және аң аулау ке­зін­де қа­ру­ды пай­да­ла­ну­ға құқық бе­ре­тін құ­жат­тар­дың нө­мі­рін және бе­рі­л­ген кү­нін көр­се­ту. Ба­лық са­нын рет­те­ген жағ­дай­да же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де) және оның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі көр­се­ті­ле­ді.
    Аң мен ба­лық аулау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­был­май­тын жа­ну­ар­лар­дың ата­уы және алу кө­ле­мі (да­рақ, тон­на) (бір аң­шы­ға қас­қыр мен ши­бө­рі­ні үш да­рақ­тан ар­тық ал­мау­ға шек­теу бел­гі­ле­нед) (бір рұқ­сат­қа жы­лан­ба­сты 30 ки­ло­грамм­нан ар­тық ал­мау­ға)
    Жа­ну­ар­лар са­нын рет­теу учас­ке­сі­нің ауда­ны (ау­ма­ғы) және ше­ка­ра­сы (ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­ды қо­с­па­ған­да, аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­сі­мен ке­лі­сім бой­ын­ша аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ау­ма­ғын­да)
    Жа­ну­ар­лар-ды алу мер­зім­де­рі (күн­тіз­бе­лік бір жыл­дан ас­пай­ды). Са­ны рет­те­лу­ге жа­та­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін алып қою са­ны авиа -, ав­то­мо­то -, кө­лік құ­рал­да­рын, оның ішін­де қар­да жү­ре­тін тех­ни­ка­ны қол­да­на оты­рып рет­те­лу­ге жа­та­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін алып қо­ю­ға ар­нал­ған рұқ­сат­тың негі­зін­де жүр­гі­зі­ле­ді.
    Жы­ны­стық-жас құ­ра­мы (қа­жет болған жағ­дай­да)
    Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
    ____________________________________________________________________
    Өтінімнің берілген күні 20___жылғы «__» ___________

    ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)

    Бұйрыққа 2-қосымша

    «Саны реттеуге жататын

    жануарлар түрлерін алып

    қоюға рұқсат беру» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Саны реттелуі тиіс жануарлар түрлерiн алуға арналған № ____ рұқсат

    Аң­шы­лық ку­ә­лі­гі­нің және аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру мен оның па­трон­да­рын са­тып алу­ға, сақ­та­у­ға, сақ­та­у­ға және өзі­мен алып жү­ру­ге, та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған рұқ­сат­тың нө­мі­рін, бе­рі­л­ген кү­нін және қол­да­ны­лу мер­зі­мін көр­се­те оты­рып, бе­ріл­ді (же­ке тұл­ға­ның аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі. Ше­тел­дік үшін ше­тел­дік­тің тұр­ғы­лық­ты ау­ма­ғын­да бе­рі­л­ген аң аула­у­ға және аң аулау ке­зін­де қа­ру­ды пай­да­ла­ну­ға құқық бе­ре­тін құ­жат­тар­дың нө­мі­рін және бе­рі­л­ген кү­нін көр­се­ту. Ба­лық са­нын рет­те­ген жағ­дай­да же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де) және оның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі көр­се­ті­ле­ді.
    Жа­ну­ар­лар са­нын рет­теу мақ­са­ты және негі­зі
    Жа­ну­ар­лар са­нын рет­теу учас­ке­сі­нің ауда­ны (ау­ма­ғы) және ше­ка­ра­сы (ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­ды қо­с­па­ған­да, аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­сі­мен ке­лі­сім бой­ын­ша аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ау­ма­ғын­да)
    Алу тә­сіл­де­рі (ол­жа­лау, аулау, атып алу, жи­нау, со­ғып алу)
    Жа­ну­ар­лар түр­ле­рі және жы­ны­стық-жас құ­ра­мы (қа­жет болған жағ­дай­да)
    Жа­ну­ар-лар­ды алу мер­зі­мі
    Аумақ­тық бө­лім­ше­ге рұқ­сат­тың пай­да­ла­ны­луы ту­ра­лы есеп ұсы­ну мер­зі­мі (рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі аяқ­тал­ған­нан кей­ін күн­тіз­бе­лік 10 күн ішін­де)
    Ба­қы­лау (аумақ­тық бө­лім­ше­нің ата­уы) жүк­те­ле­ді
    Берілген күні 20___жылғы «___» ___________.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.