Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 13 желтоқсан 2023 ж.
Маңғыстау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы №3/19 «Маңғыстау ауданы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Маңғыстау ауданы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Маңғыстау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы №3/19 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4577-12 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау аудандық мәслихатының төрағасы
Е. Махмутов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.