Шымкент қаласында 2023 жылға жабық топырақта басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидия нормаларын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 желтоқсан 2023 ж.

    Шымкент қаласында 2023 жылға жабық топырақта басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидия нормаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға жабық топырақта басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидия нормалары бекітілсін.

    2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Шымкент қаласының әкімі

    Г. Сыздыкбеков

    Шымкент қаласы

    әкімдігінің 2023 жылғы

    «15» желтоқсандағы

    № 2844 қаулысына

    қосымша

    Шымкент қаласында 2023 жылға жабық топырақта басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидия нормалары

    Жылыжай кешендерінің түрлері
    Өлшем бірлігі
    Субсидия нормалары, теңге
    1
    Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөніс
    гектар
    8 148 120,0
    2
    Фермерлік жылыжайдағы көкөніс
    гектар
    4 858 142,8

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.