Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4-5/5 «Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4-5/5 «Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Көкпекті аудандық мәслихатының «Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4-5/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 103-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    кіріспе келесі редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының « Тұрғын үй қатынастары туралы » Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Көкпекті аудандық мәслихатының төрағасы

    Т. Сарманов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.