Жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қараша 2023 ж.

    Жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес, Шортанды ауданы «А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Савин Тимур Владимировичтің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № вн-210 өтініші негізінде, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шортанды ауданының «А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы ауданы 0,0022 гектар жер учаскелеріне 5 (бес) жыл мерзімге ӘЖ-10/4 электрмен жабдықтау тіректерімен шектеулі пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.

    2. Шортанды ауданының «А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:

    1) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы жазбаша хабарламалар (жария сервитут) жіберілсін;

    2) «Шортанды ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жария сервитут шарты жасалсын;

    3) Жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жер учаскелерін тікелей мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіруге міндетті.

    3. Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

    1) Осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;

    2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шортанды ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Шортанды ауданының әкімі

    С.Шабаров

    Қосымша Шортанды

    ауданы әкімдігінің қаулысына

    «21» қараша 2023 жылғы

    № А-5/219

    Жария сервитут белгіленетін жер учаскелері

    Жер пайдаланушының/меншік иесінің
    атауы
    Жария сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесінің ауданы
    1
    Дамса ауылдық округінің жерлері
    0,0022 га
    Барлығы
    0,0022 га

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.