Ауылдық округті құру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес, аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Степное ауылын округ орталығы деп белгілеп, құрамында Жітіқара ауданының Степной және Аққарга ауылдары бар Жітіқара ауданының Степной ауылдық округі құрылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі
К. Аксакалов
Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы
М. Жутаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.