Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 18 қарашадағы «Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы» № 1861/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 желтоқсан 2023 ж.

    Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 18 қарашадағы «Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы» № 1861/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 18 қарашадағы «Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы» № 1861/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30640 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

    1) электронды төлем жүйесі арқылы, Интернет желісі және байланыс құрылғысы арқылы жол жүру үшін қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге;

    2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге.».

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

    он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Павлодар қаласының әкімі

    Х. Хабылбеков

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Павлодар қалалық

    мәслихаты

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.