Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 желтоқсан 2023 ж.

    Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 25 тамыздағы № 142/15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5625 болып тіркелген);

    2) Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу» қағидаларын бекіту туралы «Павлодар облысы мәслихатының 2017 жылғы 25 тамыздағы № 142/15 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы»» 2019 жылғы 14 маусымдағы № 351/31 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6441 болып тіркелген).

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы

    И. Теренченко

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.