Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына, «Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 344 бұйрығына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Арнайы комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
2. «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулы шеңберінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Б. Исабаев
Облыс әкімдігінің 2023 жылғы «___» ___________ «Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы» № ____ қаулысына келісім беті
Енгізуші:
Облыстың жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
Е. Мизамбаев
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Ә. Жақанбаев
Облыс әкімінің орынбасары
Ә. Қанағатов
Облыс әкімі аппаратының басшысы
Н. Егінбаев
Облыстың экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының басшысы
Ж. Әмірханов
Облыстың қаржы
басқармасының басшысы
Ж. Керімбекова
Облыс әкімінің аппараты
мемлекеттік-құқықтық сүйемелдеу және
ТҚК жұмысын ұйымдастыру
бөлімінің басшысы
А. Дауылбаева
Облыс әкімінің аппараты
құжаттамамен қамтамасыз ету
және бақылау бөлімінің басшысы
Б. Ақылбеков
Бекітемін
«Жетісу облысы әкімінің
аппараты» ММ басшысы
____________ Н. Егінбаев
2023 жылғы «__»_________
Облыс әкімдігінің 2023 жылғы «__» _________ «Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы» № ____қаулысына тарату беті
1.Облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына.
2.Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына- 2.
3.Облыс әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық сүйемелдеу және ТҚК жұмысын ұйымдастыру бөліміне.
Облыстың жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы Е. Мизамбаев
Жіберілді: 2023ж. «___»___________
Облыс әкімінің аппараты
құжаттамамен қамтамасыз ету
және бақылау бөлімінің бас инспекторы Н. Қыдырбекова
Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы №___ қаулысына қосымша
Арнайы комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы арнайы комиссия туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 тамыздағы «Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 344 бұйрығына сәйкес әзірленді және арнайы комиссиялардың мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындайды.
2. Осы ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) арнайы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
2) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3. Комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
5. Комиссияның қызметін бақылауды аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
6. Комиссияның негізгі міндеті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3-тармағының негізінде жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.
7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, ережеге сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
8. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.
9.Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады.
Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауға тиіс.
10. Аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Төраға болып табылады.
Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
11. Жергілікті уәкілетті орган – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссия хатшысының міндеті осы бөлімнің маманына жүктеледі.
12. Комиссия жергілікті уәкілетті органнан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі туралы шешім шығарады.
13. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.
14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
15. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды нысанында ресімделеді және осы ереженің 12-тармағында көрсетілген мерзімде жергілікті уәкілетті органға беріледі.
Оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.
16. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау кезінде жергілікті өкілді органдар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес бекітетін әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын басшылыққа алады.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.