Ақсу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 маусым 2024 ж.

    Ақсу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ақсу ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Ақсу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақсу ауданының мәслихат төрағасы

    Б. Сулейменов

    Ақсу ауданының мәслихатының 2023 жылғы «13»желтоқсан № 19-84 шешіміне қосымша

    Ақсу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    № р/с
    Атауы
    Есептеу бірлігі
    Қызмет құны, теңге
    1.
    Жайлы үйлер
    айына 1 тұрғыннан
    150,2
    2.
    Жайлы емес үйлер
    айына 1 тұрғыннан
    150,2
    3.
    Бірлікке жылдық тариф (көлем)
    1м3
    1244,5

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.