Карантин белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 желтоқсан 2023 ж.

    Карантин белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7) тармағына сәйкес, Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 28 қарашасындағы № 11-10/351 санды ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Көздіғара ауылдық округі, Қоныстану ауылындағы Ғ. Мұратбаев көшесінің мүйізді ірі қара малынан қарасан ауруының шығуына байланысты, аула-қораларының аумағына карантин белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Округ әкімі

    Е. Изимов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.