Қобда аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 427 «Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қобда аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 427 «Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Қобда аудандық мәслихатының «Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 427 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8009 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

    жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:

    13 тармақтың 9) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

    «9) телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қобда аудандық мәслихатының төрағасы

    Ж. Ергалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.