«2023 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 35 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 желтоқсан 2023 ж.

    «2023 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 35 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2023 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 35 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7457-15 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

    1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

    Ғ. Нұрмұхамбетов

    2023 жылғы 14 желтоқсандағы

    № 252 қаулысына қосымша

    Солтүстік Қазақстан

    облысы әкімдігінің

    2023 жылғы «28» наурыздағы

    № 35 қаулысына қосымша

    2023 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі

    Субсидияланатын тұқымдардың санаты
    Бюджет қаражатының көлемі, теңге
    Бірегей тұқымдар
    47 704 282
    Элиталық тұқымдар
    656 499 655
    Бірінші репродукция тұқымдары
    308 864 072
    Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары
    1 727 892 991
    Барлығы
    2 740 961 000

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.