«Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 5/48-VIІ шешіміне толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 желтоқсан 2023 ж.

    «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы»Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 5/48-VIІ шешіміне толықтырулар енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №5/48-VІI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6176 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасындағы Түркістан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер және медициналық бұйымдардың тізілімі мынадай жолдармен толықтырылсын:

    Қосымша дәрі-дәрмектердің, арнайы емдік өнімдердің және медициналық бұйымдардың аталуы
    Азаматтар санаты
    Голодирсен 50мг/2мл
    18 жасқа дейінгі балаларға
    Синагис (паливизумаб) 50 мг/05 мл
    18 жасқа дейінгі балаларға
    Ганцикловир/Валганцикловир 450 мг
    18 жасқа дейінгі балаларға
    Тофацитиниб (ксельжанс) 1 мг/мл,240 мл
    18 жасқа дейінгі балаларға
    Флуимуцил ИТ
    18 жасқа дейінгі балаларға
    Натрия хлориды 3-5-7% дейін ингаляцияға арналған ерітінді
    18 жасқа дейінгі балаларға
    Атезолизумаб 1200 мг
    Барлық санаттар
    Пэгвисомант 10 мг
    Барлық санаттар
    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы

    Н.Әбішов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.