Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі Бірлік, Петровка ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 желтоқсан 2023 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі Бірлік, Петровка ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4)-тармақшасына, сәйкес Бірлік, Петровка ауылы халқының пікірін ескере отырып және Солтүстік Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның 2021 жылғы 16 сәуірдегі, қорытындысының негізінде, Петровка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

    1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі Бірлік, Петровка ауылының құрамдас бөліктерін қайта аталсын:

    Петровка ауылы

    Ленин көшесін – Бейбітшілік көшесіне;

    Юбилейная көшесін – Ыбырай Алтынсарин көшесіне;

    Комсомольская көшесін - Болашақ көшесіне;

    Бірлік ауылы

    Ленин көшесін – Дүйсен Аяғанов көшесіне;

    Молодежная көшесін – Байман Тұрғынов көшесіне;

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Петровка ауылдық округінің әкімі

    О.Қонқабаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.