«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қаңтар 2025 ж.

    «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

    С. Нурбек

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    _____________________

    2023 ж. «__» ___________

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары

    білім министрі

    2023 жылғы 11 желтоқсандағы

    № 625

    Бұйрығымен бекітілген

    «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына және «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына сәйкес әзірленген және апостильді қою тәртібі мен шарттарын айқындайды.

    2. Осы «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында мынадай анықтамалар пайдаланылады:

    1) апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба;

    2) бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

    3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке-дара пайдаланылатын байланыс құралы;

    4) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы (бұдан әрі – Орталық) – «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету операторы.

    Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуі үшін құжаттарды бастапқы қабылдауды және өңдеуді Орталық жүзеге асырады.

    3. Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты Гаага конвенциясына мүше-елдердiң аумағында қолдануға арналған апостильденетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.

    4. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

    2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

    5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

    6. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берушіден қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілетін тиісті құжаттарды қабылдау туралы электрондық қолхат береді, өтініш берушінің өтініші бойынша қолхат қағаз түрінде беріледі.

    7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды берген жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес берілген күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат береді.

    8. Облыс орталықтарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні құжаттарды дайындауды жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушіге жіберу үшін Мемлекеттік корпорацияның курьеріне береді. Егер мемлекеттік Корпорация филиалдарының бөлімдері басқа елді мекендерде орналасқан жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторының қызметкері (маманы) құжаттар келіп түскен күні оларды дайындауды жүзеге асырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде Мемлекеттік корпорацияның курьері не пошта байланысы арқылы жіберуді 2 (екі) жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.

    9. Өтініш портал арқылы берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    10. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:

    1) Орталықтың кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады және Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді;

    2) Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерге құжаттарды жолдайды;

    3) Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілген мерзімде дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды;

    4) көрсетілетін қызметті алушы Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесіне құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тексереді, егер қажетті деректер болмаған жағдайда 7 (жеті) жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және жауап алу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына сұрау салуды ресімдейді;

    5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында оқығаны расталған жағдайда Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

    Құжаттар келіп түскен сәттен бастап көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде құжаттарға апостиль қояды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

    Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны және әдісі туралы хабарлайды.

    Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

    Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберіледі.

    Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші білім туралы құжатты апостильдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды;

    6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе уәкілетті тұлғасы 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарға қол қойғаннан кейін, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабына тіркейді, содан кейін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей дайын құжаттарды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты курьер немесе Орталықтың пошта байланысы арқылы Мемлекеттік корпорацияға беру үшін жібереді.

    11. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде:

    1) Орталықтың кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады және Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді;

    2) Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесі 2 (екі) жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттарды қабылдауды және толықтығын тексеруді жүзеге асырады, егер порталда барлық жолдар толтырылған және қосымшалар дұрыс бекітілген жағдайда, ақы төлеуге жібереді.

    Егер көрсетілетін қызметті алушы ақыны төлемесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады;

    3) көрсетілетін қызметті алушы ақы төлегеннен кейін Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тексереді, егер қажетті деректер болмаған жағдайда білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын 7 (жеті) жұмыс күні ішінде растау және жауап алу үшін тиісті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына сұрау салуды ресімдейді;

    4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында оқығаны расталған жағдайда Орталықтың жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» 4 (төрт) жұмыс күні ішінде апостильдеу үшін құжаттардың түпнұсқаларын қызметті алушының орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы беру туралы хабарлама жібереді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды.

    Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны және әдісі туралы хабарлайды.

    Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

    Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, немесе портал арқылы «жеке кабинетіне» ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберіледі.

    Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші білім туралы құжатты апостильдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды;

    5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе уәкілетті тұлғасы апостиль қою үшін құжаттарға қол қойғаннан кейін, сондай-ақ оларды құжаттарды тіркеу кітабына тіркегеннен кейін дайын құжаттарды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей курьер немесе Орталықтың пошта байланысы арқылы Мемлекеттік корпорацияға беру үшін жібереді.

    12. Қағаз жеткізгіште «апостиль» мөртабаны бар дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

    13. Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттың және (немесе) сенімхаттың негізінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

    14. Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

    15. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

    16. Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органы 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы көрсетілетін қызметті берушілерге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына хабарлайды.

    3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

    Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

    18. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

    «Жоғары және (немесе)

    жоғары оқу орнынан кейінгі

    білім беру ұйымдарынан

    шығатын ресми құжаттарды

    апостильдеу» мемлекеттік

    қызмет көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    «Жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­нан шы­ға­тын ре­сми құ­жат­тар­ды апо­стиль­деу» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім ми­ни­стр­лі­гі­нің Ғы­лым және бі­лім са­ла­сын­да са­па­ны қам­та­ма­сыз ету ко­ми­те­ті
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) және «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап – 20 (жиыр­ма) жұ­мыс кү­ні;
    2) пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де – 20 (жиыр­ма) жұ­мыс кү­ні;
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді:
    1) мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут;
    2) мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) /қа­ғаз тү­рін­де
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    - «апо­стиль» мөр­таң­ба­сы қой­ы­л­ған дай­ын құ­жат­тар­ды қа­ғаз жет­кіз­гіш­те бе­ру;
    - бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­ты бе­ру.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алуы­ша­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­сет­ке­ні үшін мем­ле­кет­тік баж алы­на­ды, ол «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы (Са­лық ко­дек­сі)» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сіне сәй­кес мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу кү­ніне бел­гі­лен­ген 0,5 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті құ­рай­ды.
    Мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға элек­трон­дық сұ­рау са­лу­ды пор­тал ар­қы­лы бер­ген кез­де тө­лем «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Ал­дын ала тө­лен­ген жағ­дай­да тө­лем құ­жа­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі қо­са бе­рі­ле­ді.
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке­лік күн­дер­ден бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін;
    Қа­был­дау «элек­трон­ды» ке­зек тәр­ті­бі­мен, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы бронь­да­у­ға бо­ла­ды;
    3) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz. ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ин­тер­нет-ре­сур­сы: www. gov4c. kz, www. egov. kz.
    8
    Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
    Көрсетілетін қызметті алушы немесе сенімхат бойынша өкіл Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
    1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    2) жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат нысанында (жеке басын сәйкестендіру үшін);
    3) апостиль қою үшін ұсынылған құжат (түпнұсқа);
    4) төлем туралы түбіртек (түпнұсқа).
    порталға:
    1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электронды құжат нысанындағы сұрау салу;
    2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі.
    Көрсетілетін қызметті алушының бюджетке алым сомасы үшін төленгенін растайтын, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
    Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
    9
    Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
    1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
    2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
    3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
    10
    Мем­ле­кет­тік, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Ты­ныс-тір­ші­лі­гін шек­тей­тін ор­га­низм функ­ци­я­ла­ры тұ­рақ­ты бұ­зы­лып, ден­са­улы­ғы на­шар­ла­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға қа­жет болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі 1414, 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы жү­гі­ну ар­қы­лы тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып жүр­гі­зе­ді.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры: 8 (7172) 74-24-29. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, 1414, 8-800-080-7777 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

    «Жоғары және (немесе) жоғары оқу

    орнынан кейінгі білім беру

    ұйымдарынан шығатын ресми

    құжаттарды апостильдеу»

    мемлекеттік қызмет көрсету

    қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    ___________________басшысына

    ____________________________ ____________________________ мекенжайы бойынша тұратын

    кімнен ____________________________ ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар

    болған жағдайда) көрсетіледі) ____________________________ байланыс телефоны/ұйымның

    телефоны/факсы ____________________________ ____________________________

    жұмыс немесе оқу орны

    ӨТІНІШ

    ______________________________________________________________________

    еліне бару үшін менің білім туралы құжатымды апостильдеуді сұраймын (керегін

    сызыңыз):

    1) Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом;

    2) Біліктілік берілетін жоғары білім туралы диплом;

    3)

    басқалар _________________________________________________________________

    Мынадай құжаттар тапсырылды:

    1) Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

    2) Білім туралы құжатқа қосымшаның түпнұсқасы;

    3) Төлем туралы түбіртек түпнұсқасы.

    Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

    20 ______ жылғы «_______» ____________________

    _____________________________

    (қолы)

    «Жоғары және (немесе) жоғары оқу

    орнынан кейінгі білім беру

    ұйымдарынан шығатын ресми

    құжаттарды апостильдеу»

    мемлекеттік қызмет көрсету

    қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    _______________________ __________________________ (көрсетілетін қызметті

    алушының тегі, аты, әкесінің

    аты (бар болған жағдайда)

    (бұдан әрі - Т.А.Ә.) немесе ұйымының атауы)

    __________________________ (көрсетілетін қызметті

    алушының мекенжайы) __________________________

    Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан

    Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға

    арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының

    №_______ бөлімі _____________________________________________________________

    (мекенжайын көрсету)

    Сіздің «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан

    шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында

    көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе)

    қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды беруіңізге байланысты мемлекеттік қызмет

    көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

    Жоқ құжаттардың атауы:

    1. _______________________;

    2. _______________________;

    3. _______________________

    Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

    ________________________________________________________________________

    Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы) (күні)

    Телефон: __________________________

    Алдым: _____________________________________________________

    мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)/қолы

    20_____жылғы «____» ______________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.