Өңірлік үйлестіру кеңесінің үлгілік функцияларын айқындау туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 желтоқсан 2023 ж.

    Өңірлік үйлестіру кеңесінің үлгілік функцияларын айқындау туралы

    «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 227) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Өңірлік үйлестіру кеңесінің мынадай үлгілік функциялары айқындалсын:

    1) әлеуетті қатысушыны индустриялық аймаққа жіберу не қабылдамау туралы шешім қабылдайды;

    2) мемлекеттік меншіктен жер учаскесін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау туралы шешімді келіседі;

    3) шағын индустриялық аймақты құру туралы шешімді келіседі;

    4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    К. Шарлапаев

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.