Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № С-25/2 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы шешіміне өзгерістер» енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 қараша 2023 ж.

    Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № С-25/2 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы шешіміне өзгерістер» енгізу туралы

    Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № С-25/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. 2023–2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3–қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

    1) кірістер – 59 621 824,6 мың теңге, соның ішінде:

    салықтық түсімдер – 44 064 624,6 мың теңге;

    салықтық емес түсімдер – 288 288,4 мың теңге;

    негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 899 541,0 мың теңге;

    трансферттер түсімі – 13 369 370,6 мың теңге;

    2) шығындар – 66 340 309,6 мың теңге;

    3) таза бюджеттік кредиттеу – - 144 655,0 мың теңге, соның ішінде:

    бюджеттік кредиттер – 72 450,0 мың теңге;

    бюджеттік кредиттерді өтеу – 217 108,9 мың теңге;

    4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –0,0 мың теңге;

    5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 6 573 826,1 мың теңге;

    6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 573 826,1 мың теңге.»;

    4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «4. Қалалық бюджет шығындарында қарастырылғаны ескерілсін:

    1) 134 114,3 мың теңге сомасында трансферттер, Краснояр ауылдық округіне соның ішінде:

    әкімнің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 11 902,7 мың теңге сомасында;

    жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдауға 35 211,1 мың теңге сомасында;

    елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға 10 350,0 мың теңге сомасында;

    абаттандыру мен көгалдандыруға 1 577,8 мың теңге сомасында;

    автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 75 072,7 мың теңге сомасында;

    2) 32 677,3 мың теңге сомасында трансферттер, Станционный кентіне соның ішінде:

    әкімнің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 7 284,5 мың теңге сомасында;

    елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 8 971,2 мың теңге сомасында;

    абаттандыру мен көгалдандыруға 10 922,0 мың теңге сомасында;

    автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 5 499,6 мың теңге сомасында;

    3) 671 379,0 мың теңге сомасында кент, ауылдық округ бюджетіне бюджеттік субвенциялар қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

    Краснояр ауылдық округіне 574 827,0 мың теңге сомасында;

    Станционный кентіне 96 552,0 мың теңге сомасында.»;

    8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «8. 2023 жылға арналған қалалық бюджет шығындарында 48 324,9 мың теңге сомасында мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін, 1 127 211,0 мың теңге сомасында тұрғын үйдің құрылысына, 168 784,0 мың теңге сомасында жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жаңартуына және құрылысына 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021 және 2022 жылдары бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі қарызды өтеуді ескерілсін, сонымен қатар, республикалық бюджеттен мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін бюджеттік кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу 54 584,4 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;

    9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «9. 2023 жылға арналған қалалық бюджет шығындарында 462 328,0 мың теңге сомасында республикалық және облыстық бюджеттерінен кредиттер бойынша сыйақыларды төлеу ескерілсін, оның ішінде:

    60,5 мың теңге сомасында мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін;

    50,0 мың теңге сомасында тұрғын үйлердің құрылысына;

    224,0 мың теңге сомасында жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жаңартуына және құрылысына;

    387 666,0 мың теңге сомасында ішкі қарыздар есебінен Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыруға;

    74 327,5 мың теңге сомасында ішкі қарыздар есебінен несиелік тұрғын үй құрылысына.»;

    көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 - қосымшалары, осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы

    Д.Әкімов

    Көкшетау қалалық мәслихатының

    2023 жылғы 24 қарашадағы

    № С-8/2 шешіміне

    1 қосымша

    Көкшетау қалалық мәслихатының

    2022 жылғы 23 желтоқсандағы

    № С-25/2 шешіміне

    1 қосымша

    2023 жылға арналған қалалық бюджет

    Санаты
    Сома мың теңге
     
    Сыныбы
     
     
    Кіші сыныбы
     
     
     
    Атауы
    1
    2
    3
    4
    5
     
     
     
    I. Кірістер
    59621824,6
    1
     
     
    Салықтық түсімдер
    44064624,6
    01
     
    Табыс салығы
    7928962,0
     
     
    1
    Корпаративтік табыс салығы
    4400000,0
     
     
    2
    Жеке табыс салығы
    3528962,0
    03
     
    Әлеуметтiк салық
    13245480,0
     
    1
    Әлеуметтік салық
    13245480,0
    04
     
    Меншiкке салынатын салықтар
    2222742,0
     
     
    1
    Мүлiкке салынатын салықтар
    1200015,0
     
     
    3
    Жер салығы
    95185,0
     
     
    4
    Көлiк құралдарына салынатын салық
    927064,0
     
     
    5
    Бірыңғай жер салығы
    478,0
    05
     
    Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар
    19363547,6
     
     
    2
    Акциздер
    17194773,6
     
     
    3
    Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер
    89886,0
     
     
    4
    Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар
    2078888,0
    07
     
    Басқа да салықтар
    303,0
     
     
    1
    Басқа да салықтар
    303,0
    08
     
    Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер
    1303590,0
     
     
    1
    Мемлекеттік баж
    1303590,0
    2
     
     
    Салықтық емес түсiмдер
    288288,4
    01
     
    Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер
    75965,4
     
    5
    Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер
    75684,4
     
    7
    Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар
    281,0
    02
     
    Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн түсiмдер
    3230,0
     
     
    1
    Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн түсiмдер
    3230,0
    03
     
    Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi
    4555,0
     
     
    1
    Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi
    4555,0
    04
     
    Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
    136862,0
     
     
    1
    Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
    136862,0
    06
     
    Басқа да салықтық емес түсiмдер
    67676,0
     
     
    1
    Басқа да салықтық емес түсiмдер
    67676,0
    3
     
     
    Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
    1899541,0
     
    01
     
    Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату
    1351735,0
     
    03
     
    Жердi және материалдық емес активтердi сату
    547806,0
    4
     
     
    Трансферттердің түсімдері
    13369370,6
     
    01
     
    Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер 
    3965,7
     
     
    3
    Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтардың бюджеттерінен трансферттер
    3965,7
     
    02
     
    Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер
    13365404,9
     
     
    2
    Облыстық бюджеттен түсетiн трансферттер
    13 365 404,9
    Функционалдық топ
    Сома мың теңге
     
    Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
     
     
    Бағдарлама
     
     
     
    Атауы
    1
    2
    3
    4
    5
     
     
     
    II. Шығындар
    66 340 309,6
    01
     
     
    Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер
    2 658 253,8
     
    112
     
    Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты
    62 984,8
     
     
    001
    Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
    62 182,8
     
     
    005
    Мәслихаттар депутаттары қызметінің тиімділігін арттыру
    802,0
     
    122
     
    Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты
    1 490 599,2
     
     
    001
    Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
    618 871,4
     
     
    003
    Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
    10 888,6
     
     
    009
    Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары
    841 652,0
     
     
    113
    Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер
    19 187,2
     
    459
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі
    9 030,9
     
     
    003
    Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу
    9 030,9
     
    489
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі
    60 658,3
     
     
    001
    Жергілікті деңгейде мемлекеттік активтер мен сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
    60 374,5
     
     
    005
    Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу
    283,8
     
    454
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
    59 073,5
     
     
    001
    Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
    59 073,5
     
    458
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
    585 023,1
     
     
    001
    Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
    222 629,8
     
     
    113
    Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер
    362 393,3
     
    459
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі
    92 794,9
     
     
    001
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясатын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
    92 794,9
     
    467
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
    12 356,0
     
     
    040
    Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту
    12 356,0
     
    486
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі
    120 451,1
     
     
    001
    Жергілікті деңгейде жер қатынастары, сәулет және қала құрылысын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
    120 451,1
     
    801
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
    165 282,0
     
     
    001
    Жергілікті деңгейде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
    165 282,0
    02
     
     
    Қорғаныс
    5 175 637,6
     
    122
     
    Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты
    5 175 637,6
     
     
    005
    Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар
    56 323,3
     
     
    006
    Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою
    5 119 314,3
    03
     
     
    Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
    253 976,3
     
    458
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
    253 976,3
     
     
    021
    Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету
    253 976,3
    06
     
     
    Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру
    2 845 075,1
     
    801
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
    449 020,9
     
     
    010
    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
    449 020,9
     
    458
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
    110 209,5
     
     
    068
    Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарын қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде әлеуметтік қолдау
    110 209,5
     
    801
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
    1 449 990,7
     
     
    004
    Жұмыспен қамту бағдарламасы
    144 516,9
     
     
    006
    Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету
    18 371,3
     
     
    007
    Тұрғын үйге көмек көрсету
    11 000,0
     
     
    009
    Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету
    6 900,0
     
     
    011
    Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек
    449 928,8
     
     
    013
    Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу
    150 420,1
     
     
    014
    Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету
    411 344,2
     
     
    017
    Мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдармен, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ санаторий-курорттық емделу, есту бойынша мүгедектігі бар адамдарға қолмен көрсететiн тіл маманының, жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну
    188787,0
     
     
    023
    Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету
    52 692,4
     
     
    027
    Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру
    16 030,0
     
    801
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
    835 854,0
     
     
    018
    Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу
    2 180,0
     
     
    020
    Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру
    134 322,0
     
     
    050
    Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту
    699 352,0
    07
     
     
    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
    15 698 089,7
     
    458
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
    247 151,6
     
     
    002
    Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, оның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру
    77 931,7
     
     
    033
    Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру
    169 219,9
     
    467
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
    9 532 901,3
     
     
    003
    Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау
    6 377 116,3
     
     
    004
    Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру
    1 743 831,5
     
     
    025
    Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды сатып алу
    1 059 953,5
     
     
    098
    Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу
    352 000,0
     
    816
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі
    151 627,1
     
     
    001
    Жергілікті деңгейде тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
    78 177,5
     
     
    003
    Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
    3 617,6
     
     
    031
    Кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар дайындау
    69 832,0
     
    458
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
    450 307,3
     
     
    012
    Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі
    371 010,6
     
     
    026
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыру
    30 000,0
     
     
    027
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі газ жүйелерін пайдалануды ұйымдастыру
    1,0
     
     
    048
    Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту
    49 295,7
     
    467
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
    1 606 048,1
     
     
    006
    Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту
    1 606 048,1
     
    458
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
    3 710 054,3
     
     
    015
    Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру
    867 716,1
     
     
    016
    Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету
    1 537 578,4
     
     
    017
    Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу
    1 450,0
     
     
    018
    Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру
    1 303 309,8
    08
     
     
    Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк
    1 351 407,7
     
    457
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
    296 164,7
     
     
    003
    Мәдени-демалыс жұмысын қолдау
    296 164,7
     
    467
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
    27 123,4
     
     
    011
    Мәдениет объектілерін дамыту
    27 123,4
     
    457
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
    42 399,3
     
     
    009
    Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу
    22 967,3
     
     
    010
    Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы
    19 432,0
     
    467
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
    450 010,0
     
     
    008
    Спорт обьектілерін дамыту
    450 010,0
     
    456
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі
    43 061,3
     
     
    002
    Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер
    43 061,3
     
    457
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
    236 364,8
     
     
    006
    Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi
    186 300,8
     
     
    007
    Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту
    50 064,0
     
    456
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі
    128 288,3
     
     
    001
    Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
    94 952,1
     
     
    003
    Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру
    33 336,2
     
    457
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
    127 995,9
     
     
    001
    Жергілікті деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
    47 872,2
     
     
    032
    Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары
    44 912,6
     
     
    113
    Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер
    35 211,1
    9
     
     
    Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану
    619 918,6
     
    467
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
    619 918,6
     
     
    009
    Жылу-энергетикалық жүйені дамыту
    619 918,6
    10
     
     
    Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
    18 056,3
     
    467
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
    10,0
     
     
    010
    Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту
    10,0
     
    459
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі
    18 046,3
     
     
    099
    Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру
    18 046,3
    11
     
     
    Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
    266 985,0
     
    467
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
    101 476,0
     
     
    001
    Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
    101 476,0
     
    486
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі
    165 509,0
     
     
    004
    Аудан аумағының қала құрылысын дамыту және елді мекендердің бас жоспарларының схемаларын әзірлеу
    165 509,0
    12
     
     
    Көлiк және коммуникация
    5 889 271,2
     
    458
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
    4 533 635,8
     
     
    022
    Көлік инфрақұрылымын дамыту
    1 604 578,9
     
     
    023
    Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
    132 561,0
     
     
    045
    Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді - мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу
    31 953,0
     
     
    051
    Көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру
    2 765 864,3
     
    458
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
    1 354 314,0
     
     
    037
    Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау
    1 354 314,0
    13
     
     
    Басқалар
    1 554 940,8
     
    454
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
    12 229,2
     
     
    006
    Кәсіпкерлік қызметті қолдау
    12 229,2
     
    459
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі
    920 100,0
     
     
    008
    Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
    100,0
     
     
    012
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві
    920 000,0
     
    467
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
    622 611,6
     
     
    077
    Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамыту
    622 611,6
    14
     
     
    Борышқа қызмет көрсету
    462 328,0
     
    459
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі
    462 328,0
     
     
    021
    Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету
    462 328,0
    15
     
     
    Трансферттер
    29 546 369,5
     
    459
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі
    29 546 369,5
     
     
    006
    Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару
    41 928,0
     
     
    007
    Бюджеттік алып қоюлар
    28 286 976,0
     
     
    024
    Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер
    420 569,7
     
     
    038
    Субвенциялар
    671 379,0
     
     
    054
    Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару
    125 516,8
     
     
     
    III. Таза бюджеттік кредиттеу:
    - 144 658,9
     
     
     
    Бюджеттік кредиттер
    72 450,0
    10
     
     
    Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
    72 450,0
     
     
     
    Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер
    72 450,0
     
    459
     
    Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі
    72 450,0
     
     
    018
    Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер
    72 450,0
     
     
     
    Бюджеттік кредиттерді өтеу
    5
     
     
    Бюджеттік кредиттерді өтеу
    217 108,9
     
    01
     
    Бюджеттік кредиттерді өтеу
    217 108,9
     
     
    1
    Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу
    217 108,9
     
     
     
    IV. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо
    -
     
     
     
    V. Бюджет тапшылығы (профициті)
    - 6 573 826,1
     
     
     
    VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
    6 573 826,1

    Көкшетау қалалық мәслихатының

    2023 жылғы 24 қарашадағы

    № С-8/2 шешіміне

    2-қосымша

    Көкшетау қалалық мәслихатының

    2022 жылғы 23 желтоқсандағы

    № С-25/2 шешіміне

    4-қосымша

    2023 жылға арналған Көкшетау қаласының бюджетiне республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер

    Атауы
    Сома мың теңге
    1
    2
    Барлығы
    947 982,0
    Ағымдағы нысаналы трансферттер
    148 742,0
    Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
    4 742,0
    Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға
    4 742,0
    Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі
    144 000,0
    Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға
    144 000,0
    Нысаналы даму трансферттерi
    799 240,0
    оның iшiнде:
     
    Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі
    799 240,0
    Ақмола облысы Көкшетау қаласы Көктем шағын ауданының солтүстігіне қарай ауданы 38,6га учаскесінде бес көп пәтерлі тұрғын үйге сыртқы инженерлік желілер мен абаттандыру құрылысы (позиция А,Б,В,Г,Д) (Сыртқы газбен жабыдықтау желілері)
    10 515,0
    Ақмола облысы Көкшетау қаласы Көктем шағын ауданының солтүстігіне қарай ауданы 38,6га учаскесінде бес көп пәтерлі тұрғын үйге сыртқы инженерлік желілер мен абаттандыру құрылысы (позиция А,Б,В,Г,Д) (Сыртқы сумен жабыдықтау және канализация желілері, жылумен жыбдықтау)
    43 072,0
    Ақмола облысы Көкшетау қаласы Көктем шағын ауданының солтүстігіне қарай ауданы 38,6га учаскесінде бес көп пәтерлі тұрғын үйге сыртқы инженерлік желілер мен абаттандыру құрылысы (позиция А,Б,В,Г,Д) (Сыртқы электр жабыдықтау желілері)
    49 789,0
    Көкшетау қаласында АҚ-1 6кВ ТҚ, АҚ-1 10кВ ТҚ, АҚ-2 ТҚ-6кВ, ТҚ-6/10кВ СКС-1 жаңғырту
    600 000,0
    Көкшетау қаласының электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы (38,6 га жер телімінде) Көктем шағын ауданының солтүстігінде КЛ-10 кВ-дан ТП-10/0,4 кВ-қа төсеу»
    95 864,0
    Бюджеттік кредиттер
    72 450,0
    оның iшiнде:
     
    Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі
    72 450,0
    Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін
    72 450,0

    Көкшетау қалалық мәслихатының

    2023 жылғы 24 қарашадағы

    № С-8/2 шешіміне

    3-қосымша

    Көкшетау қалалық мәслихатының

    2022 жылғы 23 желтоқсандағы

    № С-25/2 шешіміне

    5- қосымша

    2023 жылға арналған Көкшетау қаласының бюджетiне облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер

    Атауы
    Сома мың теңге
    1
    2
    Барлығы
    17 041 718,9
    Ағымдағы нысаналы трансферттер
    6 028 760,8
    оның iшiнде:
     
    Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
    1 136 454,0
    Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру
    118 632,0
    Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыруға
    672 834,3
    Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығару күнін мерекелеуге Ауған соғысының ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге
    15 352,5
    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге
    275 020,9
    Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге
    10 419,0
    Чернобыль атом электр станцияндағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге
    12 916,8
    Басқа мемлекеттердің аумағында соғыс ардагерлеріне санаториялық-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу үшін
    11 350,5
    Ұлы Отан соғысындағы ардагерлеріне Жеңіс Күніне орай біржолғы материалдық көмек төлеуге
    1 000,0
    Қандастар үшін көшуге арналған субсидияларға
    2 898,0
    Көкшетау қаласындағы сыйымдылығы аз үй үшін жартылай стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге
    16 030,0
    Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
    3 653 527,8
    Жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз етуге (көпбалалы аналарға және көпбалалы отбасылардын балаларына жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз етуге)
    23 971,0
    Көкшетау қаласының Жайлау шағын ауданының аула аумақтарын күрделі жөндеу (екінші кезек)
    200 000,0
    Кварталаралық аумақтардың прожекторлық діңгектерінің құрылысы
    100 000,0
    Мәңгілік алау ауданында Жеңіс саябағын салуға жер учаскелерін алып қою
    77 931,7
    Көкшетау қаласындағы А.Затаевич көшесінің жолын орташа жөндеу
    70 523,1
    Көкшетау қаласының көше-жол желісін орташа жөндеу
    1 500 000,0
    Көкшетау қаласындағы темір жол арқылы өтетін Бәйкен Әшімов көшесіндегі автомобиль көпірін орташа жөндеу
    396 788,0
    Көкшетау қаласы жолаушылар тасымалын субсидиялау
    554 314,0
    Көкшетау қаласының жылу желілерін техникалық тексеру
    30 000,0
    Көкшетау қаласындағы Красный Яр ауылындағы Тәуелсіздік көшесін әкімшілік ғимараттың іргелес аумағымен орталық саябақты абаттандыру және жарықтандыру
    50 000,0
    Көкшетау қаласының Бейбітшілік шағын ауданындағы жолдарды орташа жөндеу
    150 000,0
    Көкшетау қаласы Застанционный кентіндегі Маяковский, Чайкина, Ақан көшелерінің жолдарын орташа жөндеу
    300 000,0
    Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, №3 жолақ (Сәкен Сейфуллин және Мира көшелерінің арасында), Нұрлы-көш шағын ауданы, Сәкен Сейфуллин көшесінің (Желтоқсан көшесінен Сәкен Сейфуллин көшесі, 62 үйге дейін) асфальтбетон жабыны бар жолдарын орташа жөндеу
    100 000,0
    Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, Достық көшесі, СПТУ-9 көшесі, Новоселов көшесі (Мира көшесінен Абай көшесіне дейін), Новоселов көшесі (Умышев көшесінен Болашақ көшесіне дейін), Садовая көшесі, Абильмажинов және Достық көшелері, Умышев көшесі (80-ші үйден 90-шы үйге дейін) асфальт жабыны бар жолдарын орташа жөндеу
    100 000,0
    Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі
    69 832,0
    Көкшетау қаласында кондоминиум объектілерін тіркеу
    69 832,0
    Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
    889 447,0
    Үй-жайларды, ғимараттарды құрылыстарды сатып алуға
    311 859,0
    Түтін мұржасын жөндеу (2 бірлік)
    328 421,8
    МҚР ауыстыру (2 бірлік)
    140 000,0
    Сорғыларды ауыстыру (3 бірлік)
    109 166,2
    Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі
    112 500,0
    Көкшетау қаласының бас жоспарын әзірлеу
    112 500,0
    Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі
    167 000,0
    Тұрғын үй сатып алуға
    167 000,0
    Дамытуға трансферттер
    6 388 662,1
    оның iшiнде:
     
    Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
    1 525 370,7
    Ақмола облысы Көкшетау қаласы Шоқан Уәлиханов көшесінен темір жолы арқылы өтетін жол өткеліне дейінгі жолды қайта жаңарту
    499 310,0
    Ескі әуежайдан Қопа көлінің жағалауы бойындағы жағалау аймағының құрылысы Сарыарқа шағын ауданына дейін, Ақмола облысының Көкшетау қаласында
    42 351,9
    Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы Ақан сері көшесінен Шоқан Уәлиханов көшесіне дейінгі Мәлік Ғабдуллин көшесінің жолын қайта жаңарту. Түзету
    500 000,0
    Көкшетау қаласында Сарыарқа шағын ауданында жолдар салу
    200 000,0
    Ақмола облысы Көкшетау қаласының Кенесары Қасымұлы көшесінен Қан орталағы қиылысына дейін Қопа көлі жағалауы бойымен жолдың құрылысы (2 кезек)
    283 708,8
    Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі
    4 863 291,4
    Көкшетау қаласында су тазарту ғимараттарын қайта жаңарту және кеңейту,"Көкшетау қаласы су тазарту ғимараттарын қайта жаңарту және кеңейту " 2-ші іске қосу кешені (СТҒ) түзету
    1 500 000,0
    Көкшетау қаласы Станционный кентінде сумен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау
    10 000,0
    Көкшетау қаласының жеке тұрғын үй құрылыстары массиві үшін электрмен жабдықтаудың сыртқы инженерлік желілерін салу Станционный кенті
    150 000,0
    Көкшетау қаласы Көктем шағын ауданының солтүстігіне қарай алаңы 38,6 га учаскесінде сегіз көппәтерлі тұрғын үй салу (байланыстыру) (2-позиция) (сыртқы инженерлік желілерсіз)
    293 171,0
    Ақмола облысы Көкшетау қаласы Көктем шағын ауданының солтүстігіне қарай ауданы 38,6 га учаскесінде 8 көппәтерлі тұрғын үй салу (байлау) (8-позиция) (сыртқы инженерлік желілерсіз)
    166 654,6
    Ақмола облысы Көкшетау қаласы Көктем шағын ауданының солтүстігіне қарай бес қабатты көппәтерлі тұрғын үй салу (1-позиция) (сметалық құжаттамасымен) (сыртқы инженерлік желілерсіз)
    117 964,9
    Ақмола облысы, Көкшетау қаласында 108 пәтерлі тоғыз қабатты тұрғын үй (ауданы 38,6 га учаскесінде) құрылысы (3-позиция). (Сыртқы инженерлік желілерсіз)
    255 758,4
    Ақмола облысы Көкшетау қаласы Көктем шағын ауданының солтүстігіне қарай ауданы 38,6 га учаскесінде көп пәтерлі бес тұрғын үй салу (Б позициясы) (сыртқы инженерлік желілерсіз)
    46 983,0
    Ақмола облысы Көкшетау қаласы Көктем шағын ауданның солтүстігіне қарай ауданы 38,6 га учаскесіндегі сегіз көп пәтерлі тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілер салу (Абаттандыру, электрмен жарықтандыру, телефондандыру)
    263 825,7
    Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы Көктем шағын ауданының солтүстігіне қарай үш 5 қабатты тұрғын үйге (1, 2, 3 кезек) аббатандыру, сыртқы жарықтандыру және телефондыру желілерін салу
    78 508,4
    Ақмола облысы Көкшетау қаласы Көктем шағын ауданы солтүстігінде магистральдық инженерлік желілер салу (ауданы 38,6 га учаскеде).(Сыртқы жылумен жабдықтау желілері)
    65 411,0
    Ақмола облысы Көкшетау қаласының Станционный кентіндегі ішкі кварталдық инженерлік желілер (ауданы 514 және 60 га учаскесінде электрмен жабдықтау) құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу)
    466 417,0
    Көкшетау қаласының М.Әуезов көшесінде (А.Пушкин- Мәлік Ғабдуллин көшелерінің учаскесінде) магистралды инженерлік жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту
    330 240,6
    Ақмола облысының «Көкшетау қаласында Бәйкен Әшімов көшесі бойымен (Қаныш Сәтпаев көшесінен Мәлік Ғабдуллин көшесіне дейін) ТМ-1 ТК-8 ден ТК11-А дейін 2ДУ700-ден 2ДУ700-ге дейін жылу магистралін салу және реконструкциялау»
    226 343,4
    Ақмола облысы Көкшетау қаласының Зарап Темірбеков көшесі бойынша (Шәкәрім Құдайбердиев көшесінен Бәйкен Әшімов көшесіне дейін) ТК-16-дан ТК-13-ке дейінгі 2ду500-ден 2Ду700-ге дейінгі жылу магистралін салу және реконструкциялау
    25 262,0
    Көкшетау каласындағы 5510 әскери бөлімінің жатақханасын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу
    1,0
    Көкшетау каласының Красный Яр ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу
    450 000,0
    Көкшетау қаласы Көктем шағын ауданының солтүстігінде ауданы 38,6 га учаскеде сегіз көппәтерлі тұрғын үй салу (байлау) (1-позиция)" (сыртқы инженерлік желілерсіз)
    139 746,0
    Көкшетау қаласы Көктем шағын ауданының солтүстігінде ауданы 38,6 га учаскеде сегіз көппәтерлі тұрғын үй салу (байлау) (3-позиция)" (сыртқы инженерлік желілерсіз)
    180 000,0
    Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы Көктем шағын ауданының солтүстігіндегі 5 қабатты үш тұрғын үйге Электрмен жабдықтаудың сыртқы желілерін салу (позициялар 1,2,3)
    3 427,5
    Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы тұрғын үй кешендеріне сыртқы инженерлік желілерді салу және абаттандыру (1,2,3 позиция) "абаттандыру және сыртқы телефондандыру желілері" (Сыртқы газбен жабдықтау желілері)
    20 113,0
    Көкшетау қаласында (ауданы 38,6 га учаскеде) Көктем шағын ауданының солтүстігінде электрмен жабдықтау желілерін салу. КЛ-10 кВ ТП-10/0,4 кВ дейін төсеу
    10 643,6
    "Көкшетау қаласын сумен жабдықтау және су бұру жүйесін реконструкциялау "Жобалау-сметалық құжаттамасын түзету Көкшетау қаласында өнімділігі тәулігіне 50 мың м3 кәріз тазарту құрылыстарын салу" Жобалау-сметалық құжаттаманы түзету (2-Түзету)
    62 819,3
    Көкшетау каласы Ақмола облысы Қаныш Сәтпаев көшесі №85 мекенжайындағы паталого-анатомиялық корпусты қайта жаңарту
    1,0
    Бюджеттік кредиттер
    4 624 296,0
    оның iшiнде:
     
    Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі
    4 624 296,0
    Ішкi нарықта айналым үшiн облыстың жергілікті атқарушы органдарымен шығарылатын, мемлекеттiк құнды қағаздар шығарылымынан түсетін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін кредиттер
    4 624 296,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.