Сандықтау ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қараша 2023 ж.

    Сандықтау ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексі 43-1-бабының 2-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.

    2. Осы бірлескен қаулының және шешімінің орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сандықтау ауданының әкімі

    Е.Жусупбеков

    Сандықтау аудандық мәслихатының төрағасы

    Г.Мустафина

    Бірлескен Сандықтау ауданы әкімдігінің

    2023 жылғы 30 қарашадағы

    № А-12/277 қаулысына және

    Сандықтау аудандық мәслихатының

    2023 жылғы 30 қарашадағы

    № 7/3 шешіміне

    қосымша

    Сандықтау ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері

    Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар
    Оның ішінде
    егістік
    шабындықтар
    жайылымдар
    Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін
    3900
    2850
    15
    1035
    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін
    26000
    19000
    100
    6900

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.