Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 желтоқсан 2023 ж.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    1) «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген):

    Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2) «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген):

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық аулау қағидаларында:

    47-1-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:

    «47-1. Жеке балық питомниктері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген) Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес жергілікті атқарушы органмен берілетін жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттың негізінде балықтардың уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде балық аулаудың қолдануға рұқсат етілген барлық кәсіптік құралдарымен және балық аулау тәсілдерімен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық отырғызу материалын өндіру үшін өсімін молайту мақсатында аулауды жүргізеді.».

    2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі

    Е. Нысанбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі

    министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Экология және табиғи

    ресурстар министрі

    2023 жылғы 7 желтоқсандағы

    № 351 Бұйрыққа

    қосымша

    Жануарлар дүниесін

    пайдалануға рұқсаттар

    беру қағидаларына

    8-қосымша

    «Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    1. Аң аулау
    2. Ба­лық аулау (кә­сіп­ші­лік, әу­ес­қой­лық (спорт­тық), ғы­лы­ми-зерт­теу үшін аулау, ме­ли­о­ра­тив­тік аулау, өсі­мін мо­лай­ту мақ­са­тын­да аулау
    3. Жа­ну­ар­лар­ды ғы­лы­ми, мә­де­ни-ағар­ту­шы­лық, тәр­би­е­лік, эс­те­ти­ка­лық мақ­сат­тар­да, сон­дай-ақ эпи­зоо­ти­я­ны бол­дыр­мау мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну
    4. Жа­ну­ар­лар түр­ле­рін өсі­мін мо­лай­ту мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­ми­те­ті
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
    Бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша:
    «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    3 (үш) жұ­мыс кү­ні
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша:
    элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін ар­найы пай­да­ла­ну­дың мы­на­дай түр­ле­ріне бе­рі­ле­ді:
    1) аң аулау;
    2) ба­лық аулау (кә­сіп­ші­лік, әу­ес­қой­лық (спорт­тық), ғы­лы­ми-зерт­теу мақ­са­тын­да аулау, ме­ли­о­ра­ци­я­лық аулау, өсі­мін мо­лай­ту мақ­са­тын­да аулау);
    3) жа­ну­ар­лар­ды ғы­лы­ми, мә­де­ни-ағар­ту­шы­лық, тәр­би­е­лік, эс­те­ти­ка­лық мақ­сат­тар­да, сон­дай-ақ ін­дет­ті бол­дыр­мау мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну;
    4) жа­ну­ар­лар түр­ле­рін өсі­мін мо­лай­ту мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет ақы­лы/ақы­сыз негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
    Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­лан­ға­ны үшін тө­ле­ма­қы «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ко­дек­сіне (Са­лық ко­дек­сі) сәй­кес, осы Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес алы­на­ды.
    Тө­лем қол­ма-қол ақ­ша­лай неме­се қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер неме­се банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы, сон­дай-ақ «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы жүр­гі­зі­ле­ді.
    Тө­ле­ма­қы со­ма­сы жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат ал­ған жер бой­ын­ша бюд­жет­ке тө­ле­не­ді. Тө­леу бюд­жет­ке тө­ле­ну­ге жа­та­тын тө­ле­ма­қы со­ма­сы ағым­да­ғы жы­л­ғы кә­сіп­ші­лік ба­лық аулау объ­ек­ті­ле­рін алып қою кво­та­ла­ры бой­ын­ша ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің 350 есе­лен­ген мөл­ше­рі­нен астам со­ма­да асып кет­кен кез­де кә­сіп­ші­лік ба­лық аулау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін пай­да­лан­ға­ны үшін тө­ле­ма­қы­ны қо­с­па­ған­да, рұқ­сат алын­ған­ға дей­ін екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер неме­се банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы ауда­ру жо­лы­мен жүр­гі­зі­ле­ді.
    Кә­сіп­ші­лік ба­лық аулау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін пай­да­лан­ға­ны үшін тө­ле­ма­қы тө­леу бюд­жет­ке тө­ле­ну­ге жа­та­тын тө­ле­ма­қы со­ма­сы ағым­да­ғы жы­л­ғы кә­сіп­ші­лік ба­лық аулау объ­ек­ті­ле­рін алып қою кво­та­ла­ры бой­ын­ша ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің 350 есе­лен­ген мөл­ше­рі­нен астам со­ма­да асып кет­кен кез­де мы­на­дай мер­зім­дер­де үле­стер­мен жүр­гі­зі­ле­ді:
    ағым­да­ғы жыл­дың 25 жел­тоқ­са­ны­на дей­ін – ағым­да­ғы жы­лы бе­рі­л­ген жал­пы кво­та­ның 20 пай­ы­зы;
    кво­та бе­рі­л­ген жыл­дан кей­ін­гі жыл­дың 25 на­уры­зы­на дей­ін – ағым­да­ғы жы­лы бе­рі­л­ген жал­пы кво­та­ның 40 пай­ы­зы;
    кво­та бе­рі­л­ген жыл­дан кей­ін­гі жыл­дың 25 мау­сы­мы­на дей­ін – ағым­да­ғы жы­лы бе­рі­л­ген жал­пы кво­та­ның 40 пай­ы­зы.
    Тө­ле­ма­қы:
    1) жа­ну­ар­лар­ды кей­ін­нен та­би­ғи ор­та­ға шы­ға­ра оты­рып, ғы­лы­ми-зерт­теу және ша­ру­а­шы­лық мақ­сат­тар­да олар­ды таң­ба­лау, са­қи­на­лау, қо­ныс ауда­ру, жер­сін­ді­ру, жа­сан­ды жол­мен өсі­ру және бу­дан­да­сты­ру мақ­са­тын­да та­би­ғи ор­та­дан алу ке­зін­де;
    2) же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың жа­сан­ды жол­мен өсі­рі­л­ген, ерік­сіз және (неме­се) жар­ты­лай ерік­ті жағ­дай­лар­да ұста­ла­тын мен­ші­гі бо­лып та­бы­ла­тын жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін пай­да­ла­ну ке­зін­де;
    3) ба­лық ре­сур­ста­рын және су жа­ну­ар­ла­ры­ның бас­қа да түр­ле­рін пай­да­ла­ну­ға био­ло­ги­я­лық негіз­де­ме мақ­са­тын­да жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін қор­ғау, өсі­мін мо­лай­ту және пай­да­ла­ну са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ба­лық­тар мен бас­қа да су жа­ну­ар­ла­рын ба­қы­лау үшін аула­уды жү­зе­ге асы­руы ке­зін­де;
    4) ха­лық­тың ден­са­улы­ғын қор­ғау, ауы­л­ша­ру­а­шы­лық және бас­қа да үй жа­ну­ар­ла­рын ау­ру­лар­дан сақ­тау, қор­ша­ған ор­та­ға за­лал кел­ті­ру­дің ал­дын алу, ауы­л­ша­ру­а­шы­лық қыз­ме­тіне еле­улі за­лал кел­ті­ру қа­у­пі­нің ал­дын алу мақ­са­тын­да са­ны рет­те­лу­ге жа­та­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін алып қою ке­зін­де алын­бай­ды.
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
    2) пор­тал-жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру Ко­дек­с­ке сәй­кес ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық-цифр­лы қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға (кә­сіп­ші­лік ба­лық аула­у­ға, ғы­лы­ми-зерт­теу үшін аула­у­ға, ме­ли­о­ра­ци­я­лық аула­у­ға, өсі­мін мо­лай­ту мақ­са­тын­да аула­у­ға, әу­ес­қой­лық (спорт­тық) ба­лық аула­у­ға) рұқ­сат­тар бе­ру ке­зін­де;
    2) осы Қа­ғи­да­лар­ға 7-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға (аң аула­у­ға, жа­ну­ар­лар­ды ғы­лы­ми, мә­де­ни-ағар­ту­шы­лық, тәр­би­е­лік, эс­те­ти­ка­лық мақ­сат­тар­да, сон­дай-ақ ін­дет­ті бол­дыр­мау мақ­са­тын­да, жа­ну­ар­лар түр­ле­рін өсі­мін мо­лай­ту мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну­ға) рұқ­сат­тар бе­ру ке­зін­де.
    Пай­да­ла­ну тү­ріне бай­ла­ны­сты қо­сым­ша:
    1) аң аула­у­ға (ал­ғаш рет жү­гін­ген кез­де):
    жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін алып қою ше­тел­дік­тер­дің қа­ты­суы­мен жүр­гі­зі­л­ген жағ­дай­да – аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­сі­нің ше­тел­дік­тер­мен аң аула­уды ұй­ым­да­сты­ру­ға ар­нал­ған шар­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    2) ғы­лы­ми-зерт­теу үшін аула­у­ға:
    ғы­лы­ми жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу негіз­де­ме­сі­нің және ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­ры бағ­дар­ла­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін алып қо­ю­дың бо­лжам­ды кө­ле­мін негіз­дей­тін есеп­тер­дің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    бұ­дан бұ­рын бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар­ды пай­да­ла­ну нәти­же­ле­рі ту­ра­лы есеп­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар жағ­дай­ын­да);
    3) ме­ли­о­ра­ци­я­лық үшін аула­у­ға:
    осы Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­нім.
    4) өсі­мін мо­лай­ту мақ­са­тын­да аула­у­ға:
    ба­лық ре­сур­ста­ры­ның өсі­мін мо­лай­ту­ға мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­сты орын­дау мақ­са­тын­да аулау жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, ба­лық ре­сур­ста­рын қор­ғау, өсі­мін мо­лай­ту және пай­да­ла­ну­ға аулау са­ла­сын­да­ғы ак­кре­дит­тел­ген ғы­лы­ми ұй­ым­ның био­ло­ги­я­лық негіз­де­ме­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    ба­лық ре­сур­ста­ры­ның жа­сан­ды өсі­мін мо­лай­ту жө­нін­де­гі өн­ді­ріс объ­ек­ті­сіне рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­сі (мен­шік ие­сі (құқық ие­сі) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер);
    5) кә­сіп­ші­лік үшін аула­у­ға:
    осы Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­нім.
    6) жа­ну­ар­лар түр­ле­рін өсі­мін мо­лай­ту мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну­ға:
    жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін алып қо­ю­ды негіз­дей­тін ма­те­ри­ал­дар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­ның оң қо­ры­тындысы бар био­ло­ги­я­лық негіз­де­ме) бе­рі­ле­ді.
    7) жа­ну­ар­лар­ды ғы­лы­ми, мә­де­ни-ағар­ту­шы­лық, тәр­би­е­лік, эс­те­ти­ка­лық мақ­сат­тар­да, сон­дай-ақ ін­дет­тің ал­дын алу мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну­ға:
    ін­дет мо­ни­то­рин­гі­нен бас­қа, бей­ін­де­у­ші ғы­лы­ми ұй­ым­ның ғы­лы­ми ке­ңе­сі бе­кіт­кен ғы­лы­ми-та­қы­рып­тық жос­пар­дан үзін­ді­нің және ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­ры бағ­дар­ла­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін алып қо­ю­ды негіз­дей­тін ма­те­ри­ал­дар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (био­ло­ги­я­лық негіз­де­ме);
    ін­дет­ті бол­дыр­мау мақ­са­тын­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да жа­ну­ар­лар ау­ру­ла­ры ін­де­ті­нің мо­ни­то­рин­гі үшін ве­те­ри­на­рия са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның мем­ле­кет­тік ве­те­ри­на­ри­я­лық ұй­ы­мы­ның жыл сай­ын­ғы жұ­мыс жос­па­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, ин­ку­ба­ци­я­лық цех­тың, ба­лық өсі­ру то­ған­да­ры­ның және (неме­се) бас­сейн­дер­дің бо­луын рас­тау үшін жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің бо­луы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 23 қаң­тар­да­ғы № 7-1/37 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Жа­ну­ар­лар өсі­ру­ді, жа­ну­ар­лар­ды, жа­ну­ар­лар­дан алы­на­тын өнім мен ши­кі­затты дай­ын­да­уды (со­ю­ды), сақ­та­уды, қай­та өң­де­уді және өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын өн­ді­ріс объ­ек­ті­ле­ріне, сон­дай-ақ ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ды, жем­шөп пен жем­шөп қо­с­па­ла­рын өн­ді­ру, сақ­тау және өт­кі­зу жө­нін­де­гі ұй­ым­дар­ға есеп­тік нө­мір­лер бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес «Жа­ну­ар­лар мен құ­стар­ды өсі­ру­ді және өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын өн­ді­ріс объ­ек­ті­ле­рі» қыз­ме­ті­нің тү­ріне есеп­тік нө­мі­рі («К» ко­ды) (же­ке ба­лық пи­том­ник­те­рі үшін ба­лық отыр­ғы­зу ма­те­ри­а­лын өн­ді­ру мақ­са­тын­да), заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­мет­ті ба­стау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік жүй­е­лер­ден ЭҮПШ шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
    Осы Қа­ғи­да­лар­дың 10-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» пор­тал ар­қы­лы нәти­же­ні бе­ру кү­нін көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін сұ­рау са­лу­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мәр­те­бе жі­бе­рі­ле­ді.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­сы­ның не оны ал­ма­сты­ра­тын тұл­ға­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен қой­ы­ла­ды және пор­тал ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жі­бе­рі­ле­ді.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­ған;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды;
    5) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
    1) ғы­лы­ми-зерт­теу үшін аулау мақ­са­тын­да рұқ­сат алу үшін «Ғы­лы­ми және (неме­се) ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық қыз­мет субъ­ек­ті­ле­рін ак­кре­дит­теу қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 8 мау­сым­да­ғы № 645 қа­улы­сын­да ай­қын­дал­ған тәр­тіп­пен субъ­ек­ті­ні ғы­лы­ми және (неме­се) ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық қыз­мет субъ­ек­ті­сі ре­т­ін­де ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің бо­луы қа­жет.
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.