Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы «Павлодар қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» № 709/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 желтоқсан 2023 ж.

    Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы «Павлодар қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» № 709/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы «Павлодар қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» № 709/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы 13 мамырда № 28044 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Павлодар қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға 100 (жүз) теңге мөлшерінде барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф белгіленсін.».

    2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қантарнан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Павлодар қаласының әкімі

    Х. Хабылбеков

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Павлодар қалалық

    мәслихаты

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.