Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы-жобаларды басқару дирекциясына Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі, Ошақты елді мекені М.Құрбанов және С.Мұқанов көшелерінің бойынан талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысы үшін жалпы көлемі 0,0221 га жер телімін, жерді меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы-жобаларды басқару дирекциясы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтасын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ошақты ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы
Т.Орынбаев
Ошақты ауылдық округі әкімінің
2023 жылғы «11» желтоқсандағы
№114 шешіміне қосымша
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы-жобаларды басқару дирекциясына магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу көлемдері.
|
№
|
Жер
пайдала-нушылар
атауы
|
Қауымдық серви-туттың
әрекет
ету
көлемі
(гектар)
|
Соның ішінде
|
|||||||||||
|
Ауыл
шару-
ашылық
мақсатын-дағы
жерлер
|
Оның ішінде
|
|||||||||||||
|
Егіс-
тік
|
Оның
ішінде:
Суар-
малы
егістік
|
Көп
жылдық
екпелер
|
Шаб-
ындық
|
Жайы-
лымдық
|
Елді мекен-дердіңжері
|
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашы-лығына арналмаған өзгеде жер
|
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатын-дағы, рекреация-лық және тарихи -мәдени мақсаттағы жер
|
Орман қоры-ның жер-лері
|
Су қоры-ның жер-лері
|
Бос-алқы жер-лер
|
||||
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
Ошақты
ауылдық
округі
|
0,0221
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
0,0221
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
|
Барлығы
|
0,0221
|
0,0221
|
||||||||||||
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.