«Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы №24/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 қараша 2023 ж.

    «Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы №24/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы №24/10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6333 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:

    4-тармақта:

    тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;»;

    оныншы абзац алып тасталсын;

    он бірінші абзац алып тасталсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихат төрағасы

    А.Жандарбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.