«Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 желтоқсан 2023 ж.

    «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31621 санымен тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереженің 19-тармағының 39) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:»;

    Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықта:

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. 4.0 нысанды ЭАЕҚ «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағында (бұдан әрі – Заң) көрсетілген атқарушылық құжаттар бойынша, соның ішінде заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы атқарушылық құжаттар бойынша және активтерді қайтару жөніндегі алдын ала қамтамасыз ету шаралары бойынша, сонымен қатар Заңның 38-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9, 10), 11), 12), 13) тармақшалары тәртібінде атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартқан жағдайда енгізіледі.»;

    27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «27. 16-бағанда Заңның 47-бабы 1-тармағының 1-6), 7-1), 8), 8-1), 9), 10) тармақшалары негізінде іс жүргізуі тоқтатылған атқарушылық құжаттар есепке алынады.»;

    32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «32. 22-бағанда барлық тоқтата тұрылған атқарушылық іс жүргізулердің саны көрсетіледі. Олардың ішінде 23-бағанда Заңның 42-бабының 6) тармақшасына сәйкес тоқтата тұрылған атқарушылық іс жүргізулер көрсетіледі.»;

    64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «64. 16-бағанда Заңның 47-бабы 1-тармағының 1- 6), 7-1), 8), 8-1), 9), 10) тармақшалары негізінде іс жүргізуі тоқтатылған атқарушылық құжаттар бойынша сомалар есепке алынады.»;

    68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «68. 21-бағанда мерзімдік орындауға жолданған атқарушылық құжаттар бойынша сомалар есепке алынады.

    22-бағанда барлық тоқтата тұрылған атқарушылық іс жүрізулердің сомасы көрсетіледі. Олардың ішінде 23-бағанда Заңның 42-бабының 6) тармақшасына сәйкес тоқтата тұрылған атқарушылық іс жүргізулер көрсетіледі.»;

    Нұсқаулықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық көшірмесінің құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жолдануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры

    Б. Асылов

    Қазақстан Республикасы

    Бас Прокуроры

    2023 жылғы 5 желтоқсандағы

    № 216 бұйрығына

    қосымша

    «Сот актілерін орындау бойынша

    жұмыс туралы» № 4 есептің

    нысанын қалыптастыру

    жөніндегі нұсқаулықтың

    1-қосымшасы

    4.0-нысан

    Атқарушылық құжатты есепке алу жөніндегі электронды ақпараттық есепке алу құжаты

    Құжаттың орындауға келіп түскені туралы мәліметтер:
    1. Атқару парағының нөмірі:
    ___________________________________________________________________________
    Сот актісінің шығарылған күні: 20__ жылғы «__» __________
    1.1. Соттағы азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істің нөмірі
    (уәкілетті органның әкімшілік қаулысының нөмірі):
    ___________________________________________________________________________
    2. Атқару парағының берілген күні: 20__ жылғы «__» __________
    3. Атқарушылық құжатты шығарған орган: ______________________________________
    ___________________________________________________________________________
    3.1. Азаматтық іс бойынша талапкер: (анықтамалық бойынша)
    4. Атқарушылық құжаттың атауы («Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының
    мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы (бұдан әрі - Заң)):
    (анықтамалық бойынша)
    5. Заңның 38-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) 13) тармақшалары
    тәртібінде бас тартылды: (анықтамалық бойынша)
    5.1. Бас тартылған күні: 20__ жылғы «__» __________
    5.2. Заңның 38-бабы 5-тармағы тәртібінде қайтару жүргізілген органның, адамның атауы:
    ___________________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________
    (Өндіріп алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), аумақтық органның атауы)
    ___________________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________
    6. Атқарушылық іс жүргізу қозғалған күні: 20__ жылғы «__» __________
    6.1. Аумақтық органның атауы: (анықтамалық бойынша)
    6.2. Атқарушылық іс жүргізудің толассыз нөмірі: __________________________________
    7. Атқарушылық құжаттың орындауға келіп түскен күні: 20__ жылғы «__» ____________
    7.1. Атқарушылық құжат келіп түсті: (анықтамалық бойынша)
    7.2. Атқарушылық құжатты жеткізу тәртібі: (анықтамалық бойынша)
    8. Талаптардың санаты: (анықтамалық бойынша)
    8.1. Талаптар санатына қосымша: (анықтамалық бойынша)
    9. Талаптың мәні: ___________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________
    10. Өндіріп алу сомасы: (теңге түрінде) _________________________________________
    10.1. Ортақ тәртіпте: (анықтамалық бойынша)
    10.2. Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулылардың күші жойылды:
    20__ жылғы «__» __________
    10.3. Ішінара өндіріп алу сомасы (теңге түрінде)
    Бо­рыш­кер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: же­ке тұл­ға, заң­ды тұл­ға (анық­та­ма­лық бой­ын­ша)
    Же­ке тұл­ға­ға ар­нал­ған
    11. Бо­рыш­кер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де):
    _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_
    ­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­
    Ту­ған кү­ні: ____ жы­л­ғы «__» __________
    11.1. Же­ке ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі: _______, кім бер­ген: ______, қа­шан бе­рі­л­ген: 20__ жы­л­ғы «__»
    _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
    11.2. Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі: _______________________________________________
    11.3. Жұ­мыс ор­ны: (анық­та­ма­лық бой­ын­ша)
    11.4. Ат­қа­рып отыр­ған ла­у­а­зы­мы: (анық­та­ма­лық бой­ын­ша)
    11.5. Ше­тел­дік адам: (анық­та­ма­лық бой­ын­ша)
    11.6. Ше­тел­дік­тер үшін ел аза­мат­тығы: _________________________________________
    11.7. Ме­кен­жайы: ___________________________________________________________
    11.8. Бо­рыш­кер­дің жы­ны­сы: (анық­та­ма­лық бой­ын­ша)
    Заң­ды тұл­ға­ға ар­нал­ған
    12. Заң­ды тұл­ға­ның/же­ке кә­сіп­кер­дің ата­уы: ____________________________________
    12.1. Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі: _____________________________________________
    12.2. Есеп ай­ы­ры­су шо­ты­ның нө­мі­рі: ___________________________________________
    13. Бо­рыш­кер­дің заң­ды ме­кен­жайы: ___________________________________________
    Өн­ді­ріп алушы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер:
    14. Өн­ді­ріп алушы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са): __________________________
    14.1. Ту­ған кү­ні: ____ жы­л­ғы «__» __________
    14.2. Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі: ______________________________________________
    14.3. Ше­тел­дік адам: (анық­та­ма­лық бой­ын­ша)
    14.4. Ме­кен­жайы: __________________________________________________________
    Али­мент­тер­ді өн­ді­ріп алу ту­ра­лы ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу­лер бой­ын­ша ба­ла­лар жө­нін­де­гі мә­лі­мет­тер:
    14.5. Тұл­ға­ның пай­да­сы­на өн­ді­рі­л­ген со­ма (анық­та­ма­лық бой­ын­ша) _______________
    14.6 Те­гі
    14.7 Аты
    14.8 Әке­сі­нің аты (ол болған кез­де)
    14.9 Ту­ған кү­ні
    14.10 Ба­ла­ның жы­ны­сы: (анық­та­ма­лық бой­ын­ша)
    14.11 Ба­ла­ның са­ны ____
    15. Заң­ды тұл­ға­ның/же­ке кә­сіп­кер­дің ата­уы: ____________________________________
    15.1. Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі: _____________________________________________
    16. Өн­ді­ріп алушы­ның заң­ды ме­кен­жайы: ______________________________________
    16.1 Заң­сыз ием­де­ні­л­ген ак­тив­тер­ді мем­ле­кет­ке қай­та­ру ту­ра­лы ат­қа­ру­шы­лық құ­жат­тар
    бой­ын­ша мә­лі­мет­тер
    1. Активтің санаты (анықтама)
    2. Орналасқан жері (анықтама)
    3. Өлшем бірлігі
    4. Саны
    5. Сомасы (теңге)
    17. Элек­трон­дық ақ­па­рат­тық есеп­ке алу құ­жа­тын тол­тыр­ған адам: (анық­та­ма­лық бой­ын­ша)
    17.1. Сот орын­да­у­шы­сы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де):
    _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
    17.2. Элек­трон­дық ақ­па­рат­тық есеп­ке алу құ­жа­тын тол­тыр­ған ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның же­ке
    сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі: ________________________________________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.