Жер салығының мөлшерлемелері туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Жер салығының мөлшерлемелері туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387- бабының 1- тармағына және 386- бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.

    2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.

    2-1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.

    3. «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26 қарашадағы кезектен тыс ХLVІ сессиясының №343 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда №5259 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 желтоқсанда «Тіршілік тынысы» газетінің № 98 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

    Аудандық мәслихаттың кезектен тыс LІІ сессиясының төрағасы:

    Ш.Зетов___________

    Аудандық мәслихаттың хатшысы:

    Б.Маншарипов______________

    КЕЛІСІЛДІ:

    «Қазақстан Республикасы Қаржы

    Министрлігінің мемлекеттік кірістер

    комитеті Қызылорда облысы бойынша

    мемлекеттік кірістер Департаментінің

    Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік

    кірістер басқармасы» республикалық

    мемлекеттік мекемесінің басшысы

    ________________ Б.Дүйсенов

    «29» ақпан 2016 жыл.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.