«Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 165/НҚ және «Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 169/НҚ бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 желтоқсан 2023 ж.

    «Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 165/НҚ және «Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 169/НҚ бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1) «Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 165/НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32416 болып тіркелген):

    аталған бұйрықпен бекітілген Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі (бұдан әрі – біліктілік талаптар) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    2) «Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 169/НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32431 болып тіркелген):

    аталған бұйрықпен бекітілген Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларында:

    1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    5-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    6-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    7-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    11-қосымшаның 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес рұқсат етілген қуаты кемінде бір мегаватт болатын кернеуі 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық қосалқы станциялардан ғана энергия беруші ұйымдардан берілген цифрлық майнерлер үшін электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың электрондық көшірмесі.

    2023 жылғы 1 сәуірге дейін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне қосуды жүзеге асырған цифрлық майнерлер үшін тиісті қызмет түрімен (дата-орталықтар, өндірістік немесе өнеркәсіптік ғимараттар) электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың электрондық көшірмесі*.».

    11 қосымшаның ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:

    «*Генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көрсетілетін қызметті алушыларға қолданылмайды.».

    2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін біліктілік талаптарының 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

    Б. Мусин

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Энергетика министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі

    министрі

    2023 жылғы 4 желтоқсандағы

    № 598/НҚ

    Бұйрыққа 1-қосымша

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі

    министрінің міндетін атқарушы

    2023 жылғы 26 сәуірдегі

    № 165/НҚ бұйрығымен

    бекітілген

    Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

    № п/п
    Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры
    Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін рас­тай­тын құ­жат­тар
    1
    2
    3
    Мен­шік құқы­ғын­да неме­се бас­қа да заң­ды негіз­дер­де цифр­лық май­нинг де­ректе­рін өң­деу ор­та­лы­ғы бар цифр­лық май­нер­дің қыз­ме­тіне – І кі­ші түр­дің бо­луын қам­ти­ды:
    1.
    цифр­лық май­нинг үшін ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді ті­зі­лім­ге ен­гі­зу ту­ра­лы ақ­па­рат
    Цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің ті­зі­лі­мін­де қам­ты­л­ған (мен­шік құқы­ғын­да неме­се бас­қа да заң­ды негіз­де­рін­де цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің болған кез­де)
    2.
    мен­шік құқы­ғын­да неме­се бас­қа да заң­ды негіз­де цифр­лық май­нинг де­ректер­ді өң­деу ор­та­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат
    Де­ректер­ді өң­деу ор­та­лы­ғы­ның ор­на­лас­қан же­рін көр­се­те оты­рып, мен­шік құқы­ғын­да неме­се бас­қа заң­ды негіз­де цифр­лық май­нинг де­ректер­ді өң­деу ор­та­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы рас­тай­тын құ­жат
    3.
    цифр­лық май­нинг де­ректер ор­та­лы­ғы­ның тұр­ғын үй ай­ма­ғы­нан тыс ор­на­ла­суы ту­ра­лы ақ­па­рат
    Цифр­лық май­нинг де­ректе­рін өң­деу ор­та­лы­ғы­ның тұр­ғын үй ай­ма­ғы­нан тыс ор­на­ла­суы ту­ра­лы рас­тай­тын құ­жат­тар (ер­кін ны­сан­да­ғы ке­піл­ден­ді­рі­л­ген хат)
    4.
    цифр­лық май­нинг қыз­ме­тін цифр­лық май­нинг пу­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы ақ­па­рат
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ак­кре­дит­тел­ген май­нинг­тік пул­дар бар ке­зін­де цифр­лық май­нинг­тік пул ар­қы­лы цифр­лық май­нинг қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы рас­тай­тын құ­жат­тар (мен­шік құқы­ғын­да неме­се цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің бас­қа да заң­ды негіз­де­рін­де болған кез­де): анық­та­ма, жа­з­ба­ша жа­у­ап неме­се цифр­лық май­нинг пу­лы­мен жа­сал­ған шарт.
    Цифр­лық май­нинг қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ба­ры­сын­да бір цифр­лық май­нинг­тік пулы­нан екін­ші­сіне ауы­с­қан жағ­дай­да, цифр­лық май­нер 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де бұл ту­ра­лы уәкі­лет­ті ор­ган­ға ақ­па­рат­тық жүйе ар­қы­лы ха­бар­лай­ды.
    5.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы «Электр энер­ге­ти­ка­сы ту­ра­лы» За­ңы­ның 9-4-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­на (бұ­дан әрі – Заң) сәй­кес цифр­лық май­нер­де электр энер­ги­я­сын ком­мер­ци­я­лық есеп­ке алу­дың ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­ле­рі­нің, жүк­те­ме­ні ажы­ра­ту­дың ар­на­у­лы ав­то­ма­ти­ка­сы­ның, жүй­е­лік опе­ра­тор­да және энер­гия бе­ру­ші ұй­ым­да ор­на­ты­л­ған жүй­е­лер­мен өзде­рін бі­р­із­ден­ді­ру­ді олар­дың же­лі­ле­ріне қо­сы­л­ған кез­де қам­та­ма­сыз ете­тін те­ле­ком­му­ни­ка­ция жүй­е­ле­рі­нің бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат
    Заң­ның 9-4-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес цифр­лық май­нер­де электр энер­ги­я­сын ком­мер­ци­я­лық есеп­ке алу­дың ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­ле­рі­нің, жүк­те­ме­ні ажы­ра­ту­дың ар­на­у­лы ав­то­ма­ти­ка­сы­ның, жүй­е­лік опе­ра­тор­да және энер­гия бе­ру­ші ұй­ым­да ор­на­ты­л­ған жүй­е­лер­мен өзде­рін бі­р­із­ден­ді­ру­ді олар­дың же­лі­ле­ріне қо­сы­л­ған кез­де қам­та­ма­сыз ете­тін те­ле­ком­му­ни­ка­ция жүй­е­ле­рі­нің бо­луын рас­тай­тын құ­жат.
    6.
    электр же­лі­ле­ріне қо­сы­лу­ға тех­ни­ка­лық шар­ттар­дың (бұ­дан әрі – ТШ) бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат*:
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның электр энер­ге­ти­ка­сы ту­ра­лы заң­на­ма­сы­на сәй­кес рұқ­сат еті­л­ген қу­а­ты ке­мін­де бір ме­га­ватт бо­ла­тын кер­не­уі 35 ки­ло­вольт және одан жо­ға­ры транс­фор­ма­тор­лық қо­сал­қы стан­ци­я­лар­дан ға­на энер­гия бе­ру­ші ұй­ым­дар­дан ТШ ал­ған цифр­лық май­нер­лер үшін;
    2023 жы­л­ғы 1 сәу­ір­ге дей­ін энер­гия бе­ру­ші (энер­гия өн­ді­ру­ші) ұй­ым­ның электр же­лі­ле­ріне қо­су­ды жү­зе­ге асыр­ған цифр­лық май­нер­лер үшін
    Заң­ға сәй­кес рұқ­сат еті­л­ген қу­а­ты ке­мін­де бір ме­га­ватт бо­ла­тын кер­не­уі 35 ки­ло­вольт және одан жо­ға­ры транс­фор­ма­тор­лық қо­сал­қы стан­ци­я­лар­дан энер­гия бе­ру­ші ұй­ым­дар бер­ген цифр­лық май­нер­лер үшін ТШ.
    ти­іс­ті қыз­мет тү­рі (да­та-ор­та­лық­тар, өн­ді­рі­стік неме­се өнер­к­ә­сіп­тік ғи­ма­рат­тар) бар энер­гия бе­ру­ші (энер­гия өн­ді­ру­ші) ұй­ым бер­ген ТШ.
    Мен­шік құқы­ғын­да неме­се бас­қа да заң­ды негіз­дер­де цифр­лық май­нинг де­ректе­рін өң­деу ор­та­лы­ғы жоқ және оған мен­шік құқы­ғын­да ти­е­сі­лі цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған, цифр­лық май­нинг де­ректе­рін өң­деу ор­та­лы­ғын­да ор­на­лас­қан ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді пай­да­ла­на оты­рып, цифр­лық май­нинг­ті жү­зе­ге асы­ра­тын цифр­лық май­нер­дің қыз­ме­тіне – ІІ кі­ші түр­дің бо­луын қам­ти­ды:
    7.
    цифр­лық май­нинг­ке үшін ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің ті­зі­лі­міне ен­гі­зу ту­ра­лы ақ­па­рат
    цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді ті­зі­лім­ге ен­гі­зу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма
    8.
    мен­шік құқы­ғын­да оған ти­е­сі­лі цифр­лық май­нинг үшін ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің де­ректер­ді өң­деу ор­та­лы­ғын­да ор­на­ла­сты­ры­луы ту­ра­лы ақ­па­рат
    I кі­ші түр­де­гі ли­цен­зи­я­лан­ған май­не­рі­мен, оның ата­уын көр­се­те оты­рып, ын­ты­мақ­та­стық ни­е­ті ту­ра­лы ер­кін ны­сан­да­ғы ке­піл­ден­ді­рі­л­ген хат
    9.
    цифр­лық май­нинг қыз­ме­тін цифр­лық май­нинг пу­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы ақ­па­рат
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ак­кре­дит­тел­ген май­нинг­тік пул­дар бар ке­зін­де цифр­лық май­нинг­тік пул ар­қы­лы цифр­лық май­нинг қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы рас­тай­тын құ­жат­тар: анық­та­ма, жа­з­ба­ша жа­у­ап неме­се цифр­лық май­нинг пу­лы­мен жа­сал­ған шарт).
    Цифр­лық май­нинг қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ба­ры­сын­да бір цифр­лық май­нинг­тік пулы­нан екін­ші­сіне ауы­с­қан жағ­дай­да, цифр­лық май­нер 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де бұл ту­ра­лы уәкі­лет­ті ор­ган­ға ақ­па­рат­тық жүйе ар­қы­лы ха­бар­лай­ды.
    Ескертпе: *Генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көрсетілетін қызметті алушыларға қолданылмайды.

    Бұйрыққа 2-қосымша

    ифрлық майнинг бойынша қызметті

    лицензиялау қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Өтініш I кіші түрдегі қызметпен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін – меншік құқығындағы цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы немесе басқа цифрлық майнинг заңды деректер орталығы

    ____________________________________________________________________

    (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

    ____________________________________________________________________

    (жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / заңды тұлғаның атауы,

    жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

    Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға I кіші түр лицензияны

    және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.

    Жеке кәсіпкердің мекен-жайы/заңды мекен-жайы:

    ____________________________________________________________________

    (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі)

    Электрондық пошта __________________ Телефон ______________

    Цифрлық майнинг деректер орталығының мекен-жайы

    ____________________________________________________________________

    (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

    Электр энергиясын алу тәсілі _____________________________________

    (электр энергиясын орталықтандырған сауда-саттықта бірыңғай сатып алушыдан/ генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған энергия өндіруші ұйымдардан).

    _____ парақ қоса беріледі.

    Осымен расталады:

    барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;

    көрсетілетін қызметті алушыға соттың лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға тыйым салмайды;

    қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;

    көрсетілетін қызметті алушы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған деректерді пайдалануға келіседі.

    _____________________________ _____________________________

    (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Толтыру күні 20 __ жылғы «__» __________

    Бұйрыққа 3-қосымша

    Цифрлық майнинг жөніндегі

    қызметті лицензиялау

    қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    Цифр­лық май­нинг бой­ын­ша қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған І кі­ші түр
    ли­цен­зи­я­сы
    Бе­рі­л­ген кү­ні: жыл
    Ли­цен­зия нө­мі­рі:
    Бе­рі­л­ген
    (заң­ды тұл­ға­ның то­лық ата­уы, ор­на­лас­қан же­рі, биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/же­ке кә­сіп­кер­дің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Ай­на­лы­су­ға бе­ріл­ді
    («Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­нің ата­уы») (бұ­дан әрі – Заң)
    Ерекше шар­тта­ры
    («Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Заң­ның 36-ба­бы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы цифр­лық ак­тив­тер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 9-ба­бы­на сәй­кес бір­не­ше цифр­лық май­нинг де­ректе­рін өң­деу ор­та­лық­та­ры болған кез­де олар­дың ор­на­лас­қан же­рі көр­се­ті­ле­ді)
    Ес­кер­ту
    (ие­лік­тен шы­ға­ры­ла­тынды­ғы, рұқ­сат­тың кла­сы)
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші
    (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің то­лық ата­уы)
    Бас­шы (уәкі­лет­ті тұл­ға)
    (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
    Ба­стап­қы бе­рі­л­ген кү­ні
    ______ жы­л­ғы «____» __________
    Ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі
    ______ жы­л­ғы «____» __________
    Бе­рі­л­ген ор­ны
     

    Бұйрыққа 4-қосымша

    Цифрлық майнинг жөніндегі

    қызметті лицензиялау

    қағидаларына

    5-қосымша

    Нысан

    Цифр­лық май­нинг бой­ын­ша қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған II кі­ші түр
    ли­цен­зи­я­сы
    Бе­рі­л­ген кү­ні: жыл
    Ли­цен­зия нө­мі­рі:
    Бе­рі­л­ген
    (заң­ды тұл­ға­ның то­лық ата­уы, ор­на­лас­қан же­рі, биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/же­ке кә­сіп­кер­дің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Ай­на­лы­су­ға бе­ріл­ді
    («Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­нің ата­уы») (бұ­дан әрі – Заң)
    Ерекше шар­тта­ры
    («Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Заң­ның 36-ба­бы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы цифр­лық ак­тив­тер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 9-ба­бы­на сәй­кес бір­не­ше цифр­лық май­нинг де­ректе­рін өң­деу ор­та­лық­та­ры болған кез­де олар­дың ор­на­лас­қан же­рі көр­се­ті­ле­ді)
    Ес­кер­ту
    (ие­лік­тен шы­ға­ры­ла­тынды­ғы, рұқ­сат­тың кла­сы)
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші
    (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің то­лық ата­уы)
    Бас­шы (уәкі­лет­ті тұл­ға)
    (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
    Ба­стап­қы бе­рі­л­ген кү­ні
    ______ жы­л­ғы «____» __________
    Ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі
    ______ жы­л­ғы «____» __________
    Бе­рі­л­ген ор­ны
     

    Бұйрыққа 5-қосымша

    Цифрлық майнинг жөніндегі

    қызметті лицензиялау

    қағидаларына

    6-қосымша

    Нысан

    Цифр­лық май­нинг бой­ын­ша қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған І кі­ші түр
    ли­цен­зи­я­сы­на қо­сым­ша 
    Ли­цен­зи­я­ның бе­рі­л­ген кү­ні
    Ли­цен­зия нө­мі­рі:
    Ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­нің кі­ші тү­рі(ле­рі)
    І кі­ші түр-мен­шік құқы­ғын­да неме­се бас­қа да заң­ды негіз­дер­де цифр­лық май­нинг де­ректе­рін өң­деу ор­та­лы­ғы бар цифр­лық май­нер­дің цифр­лық май­нинг жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­руы
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші
    (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің то­лық ата­уы)
    Де­ректер ор­та­лы­ғы­ның ор­на­лас­қан же­рі
    (об­лыс, қа­ла, аудан, ел­ді ме­кен, кө­ше ата­уы, үй­дің неме­се ғи­ма­рат­тың нө­мі­рі)
    Электр энер­ги­я­сын алу тә­сі­лі
    (электр энер­ги­я­сын ор­та­лық­тан­дыр­ған са­уда-сат­тық­та бі­рың­ғай са­тып алушы­дан/ ге­не­ра­ци­я­лай­тын қон­дыр­ғы­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бі­рың­ғай электр энер­ге­ти­ка­лық жүй­е­сіне қо­сыл­ма­ған энер­гия өн­ді­ру­ші ұй­ым­дар­дан)
    Ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­луы­ның ерекше шар­тта­ры
    («Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 36-ба­бы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы цифр­лық ак­тив­тер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 9-ба­бы­на сәй­кес бір­не­ше цифр­лық май­нинг де­ректе­рін өң­деу ор­та­лық­та­ры болған кез­де олар­дың ор­на­лас­қан же­рі көр­се­ті­ле­ді)
    Бас­шы (уәкiлет­тi тұл­ға)
    (те­гi, аты, әкесiнiң аты (болған жағ­дай­да)
    Қо­сым­ша­ның нө­мі­рі
     
    Қол­да­ны­лу мерзi­мi
    ______ жы­л­ғы «____» __________
    Қо­сым­ша­ның бе­рі­л­ген кү­ні
    ______ жы­л­ғы «____» __________

    Бұйрыққа 6-қосымша

    Цифрлық майнинг жөніндегі

    қызметті лицензиялау

    қағидаларына

    7-қосымша

    Нысан

    Цифр­лық май­нинг бой­ын­ша қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған ІІ кі­ші түр
    ли­цен­зи­я­сы­на қо­сым­ша 
    Ли­цен­зи­я­ның бе­рі­л­ген кү­ні
    Ли­цен­зия нө­мі­рі:
    Ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­нің кі­ші тү­рі(ле­рі)
    ІI кі­ші түр – мен­шік құқы­ғын­да неме­се бас­қа да заң­ды негіз­дер­де цифр­лық май­нинг де­ректе­рін өң­деу ор­та­лы­ғы жоқ және цифр­лық май­нинг де­ректе­рін өң­деу ор­та­лы­ғын­да ор­на­лас­қан цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған өзіне мен­шік құқы­ғын­да ти­е­сі­лі ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді пай­да­ла­на оты­рып, Цифр­лық май­нинг­ті жү­зе­ге асы­ра­тын цифр­лық май­нер­дің цифр­лық май­нинг жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­руы.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші
    (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің то­лық ата­уы)
    Ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­луы­ның ерекше шар­тта­ры
    («Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 36-ба­бы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы цифр­лық ак­тив­тер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 9-ба­бы­на сәй­кес бір­не­ше цифр­лық май­нинг де­ректе­рін өң­деу ор­та­лық­та­ры болған кез­де олар­дың ор­на­лас­қан же­рі көр­се­ті­ле­ді)
    Бас­шы (уәкiлет­тi тұл­ға)
    (те­гi, аты, әкесiнiң аты (болған жағ­дай­да)
    Қо­сым­ша­ның нө­мі­рі
     
    Қол­да­ны­лу мерзi­мi
    ______ жы­л­ғы «____» __________
    Қо­сым­ша­ның бе­рі­л­ген кү­ні
    ______ жы­л­ғы «____» __________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.