Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 маусымдағы № 5/38 «Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қараша 2023 ж.

    Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 маусымдағы № 5/38 «Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 маусымдағы № 5/38 «Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6429-09 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

    шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

    «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қалалық мәслихат төрағасы

    А. Исатаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.