«Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1206 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;»;
1-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 207-бабы 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;»;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдарға.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы
М. Отыншиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.