Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

    ҚолданыстағыЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес және «Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 9-53 бірлескен шешіміне және Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 410 қаулысына, Іле, Талғар ауданы әкімдіктерінің және мәслихаттарының бірлескен ұсыныстары негізінде, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Алматы облысы Талғар ауданы бойынша:

    1) Іле ауданының шекарасына Қайнар ауылдық округінің Дәулет, Қайрат ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерді және осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Қайнар, Нұра, Тұздыбастау ауылдық округтерінің жерлерін беру арқылы Талғар ауданының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 353274 гектар болып белгіленсін;

    2) Іле ауданының шекарасына Қайнар ауылдық округінің Дәулет, Қайрат ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерді және осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Қайнар ауылдық округінің жерлерін беру арқылы Қайнар ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 11497 гектар болып белгіленсін;

    3) Іле ауданының шекарасына осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес жерлерді беру арқылы Нұра ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 10525 гектар болып белгіленсін;

    4) Іле ауданының шекарасына осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес жерлерді беру арқылы Тұздыбастау ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 2322 гектар болып белгіленсін.

    2. Алматы облысы Іле ауданы:

    1) Іле ауданының шекарасының құрамына Талғар ауданы Қайнар ауылдық округінің Дәулет, Қайрат ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерді және осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Талғар ауданының Қайнар, Нұра, Тұздыбастау ауылдық округтерінің жерлерін қосу арқылы Іле ауданының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 802698 гектар болып белгіленсін;

    2) Ащыбұлақ ауылдық округінің шекарасына Жетіген ауылдық округінің 116900,29 гектар жерлерін қосу арқылы өзгертіп, шекаралардың жалпы көлемі 163447,387 гектар болып белгіленсін;

    3) Жетіген ауылдық округінің шекарасына Бәйсерке ауылдық округінің Қоянқұс, Ыңтымақ, Жаңадәуір, Жаңаталап ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерді және осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Бәйсерке ауылдық округінің жерлерін беру арқылы Байсерке ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 64079,972 гектар болып белгіленсін;

    4) Жетіген ауылдық округінің шекарасына осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес жерлерді беру арқылы Қараой ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 106936,87 гектар болып белгіленсін;

    5) Жетіген ауылдық округінің шекарасына осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес жерлерді беру арқылы Энергетический ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 2128,7829 гектар болып белгіленсін;

    6) Жетіген ауылдық округінің шекарасының құрамына Талғар ауданы Қайнар ауылдық округінің Дәулет, Қайрат ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерді және осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Талғар ауданының Қайнар, Нұра, Тұздыбастау ауылдық округтерінің жерлерін, Іле ауданы Бәйсерке ауылдық округінің Қоянқұс, Ыңтымақ, Жаңадәуір, Жаңаталап ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерді және осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Іле ауданының Бәйсерке, Қараой, Энергетический ауылдық округтерінің жерлерін қосу арқылы Жетіген ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 88000 гектар болып белгіленсін.

    3. Талғар ауданының Дәулет, Қайрат ауылдары, Қонаев қаласының Заречный ауылдық округі және Арна, Заречный ауылдары, Іле ауданының Қоянқұс, Ынтымақ, Жаңадәуір, Жаңаталап, Құйған, Жаңаарна, Еңбек ауылдары Іле ауданы Жетіген ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

    4. Іле ауданының Жетіген ауылдық округі Іле ауданының Жетіген ауылы болып қайта құрылсын.

    5. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін әкім орынбасарына жүктелсін.

    6. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы облысының әкімі

    М. Султангазиев

    Алматы облыстық мәслихатының төрағасы

    Т. Байедилов

    Алматы облысының әкімдігі 2023 жылғы 24 қарашадағы № 411 мен Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 9-54 бірлескен шешіміне қосымша

    Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылдық округінің шекарасына қосылатын жерлер бөлігінің экспликациясы

    Р/с №
    Аудан­ның ата­уы
    Жал­пы жер ауда­ны (гек­тар)
    оның ішін­де:
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­лер (гек­тар)
    ел­ді ме­кен­дер жер­ле­рі (гек­тар)
    өнер­к­ә­сіп, кө­лік, бай­ла­ныс, ға­рыш қыз­ме­ті, қор­ға­ныс, ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік мұқ­тажды­ғы­на және өзге де ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­ты­на ар­нал­ма­ған жер­лер (гек­тар)
    ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­дың жер­ле­рі, са­уық­ты­ру, ре­кре­а­ци­я­лық және та­ри­хи-мә­де­ни мақ­сат­та­ғы жер­лер (гек­тар)
    ор­ман қо­ры­ның жер­ле­рі (гек­тар)
    су қо­ры­ның жер­ле­рі (гек­тар)
    босал­қы жер­лер (гек­тар)
    1
    Тал­ғар ауда­ны Қай­нар ауыл­дық окру­гі­нің жер­ле­рі
    2717
    1482
    125,8
    239
    11
    859,2
    2
    Тал­ғар ауда­ны Нұ­ра ауыл­дық
    окру­гі­нің жер­ле­рі
    8619
    6464
    47
    2
    2106
    3
    Тал­ғар ауда­ны Тұз­ды­ба­стау ауыл­дық окру­гі­нің жер­ле­рі
    717
    360
    357
    4
    Іле ауда­ны Бай­сер­ке ауыл­дық окру­гі­нің жер­ле­рі
    18133
    13111
    1167
    1111
    229
    2515
    5
    Іле ауда­ны Энер­ге­ти­че­ский ауыл­дық окру­гі­нің жер­ле­рі
    167
    110
    24
    33
    6
    Іле ауда­ны Қа­рой ауыл­дық окру­гі­нің жер­ле­рі
    12367
    10801
    153
    183
    37
    21
    1172

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.