Зеренді аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 қазандағы № 31-241 «Зеренді ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 қараша 2023 ж.

    Зеренді аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 қазандағы № 31-241 «Зеренді ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Зеренді аудандық мәслихатының «Зеренді ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2014 жылғы 8 қазандағы № 31-241 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4421 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16 -бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы

    Р.Габдуллина

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.