«Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 141 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қараша 2023 ж.

    «Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 141 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 141 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28586 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

    Облыс әкімі

    С. Шәпкенов

    Атырау облысы әкімдігінің

    2023 жылғы «28» қарашадағы

    № 239 қаулысына қосымша

    Атырау облысы әкімдігінің

    2022 жылғы 22 маусымдағы

    № 141 қаулысымен бекітілген

    Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің жалпы саны
    Бір айда бір тәрбиеленушіге арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру (шығындардың орташа бағасы) мөлшері (теңге)
    Ауылдық жердегі жалпы міндеттегі топтар
    Қалалық жердегі жалпы міндеттегі топтар
    Түзету үлгісіндегі топтардың тәрбиеленушілері
    Туберкулез, аллергия ауруларымен, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған топтардың тәрбиеленушілері
    Мектепке дейінгі жарты күн болатын шағын орталықтар
    ауыл
    қала
    ауыл
    қала
    ауыл
    қала
    1
    34 296
    58 084
    51 983
    107 261
    94 550
    88 604
    78 436
    22 017
    19 909

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.