«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 желтоқсан 2023 ж.

    «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

    «5. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді заңды тұлғалары және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 185, 186, 187, 188, 189, 190 және 191-жолдармен толықтырылсын:

    «

    185
    Фар­ма­цев­ти­ка­лық пре­па­рат­тар өн­ді­ру
    21201
    186
    Ве­те­ри­на­ри­я­ға ар­нал­ған дә­рі­лік пре­па­рат­тар өн­ді­ру
    21202
    187
    Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка мен ор­то­пе­ди­я­лық бұй­ым­дар са­уда­сы­нан бас­қа, фар­ма­цев­ти­ка­лық та­у­ар­лар­дың кө­тер­ме са­уда­сы
    46461
    188
    Те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мі шең­бе­рін­де фар­ма­цев­ти­ка­лық және ме­ди­ци­на­лық та­у­ар­лар­ды кө­тер­ме са­уда ар­қы­лы өт­кі­зу
    46462
    189
    Био­тех­но­ло­гия са­ла­сын­да­ғы ғы­лы­ми зерт­те­улер мен экс­пе­ри­мент­тік әзір­ле­ме­лер
    72110
    190
    Ин­фек­ци­я­ға қар­сы пре­па­рат­тар са­ла­сын­да­ғы зерт­те­улер мен әзір­ле­ме­лер
    72195
    191
    Орау
    82920
    ».
    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Ә. Смайылов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.