Жамбыл облысы Меркі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 желтоқсан 2023 ж.

    Жамбыл облысы Меркі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Меркі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Жамбыл облысы Меркі ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Меркі аудандық мәслихатының төрағасы

    М. Көкрекбаев

    Меркі аудандық мәслихатының

    2023 жылғы «____» _________ __

    шешіміне қосымша

    Жамбыл облысы Меркі ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

    Атауы
    Есептік бірлік
    Қосылған құн салығынсыз, теңге
    Жайлы үйлер
    айына 1 тұрғынға
    147,0
    Жайлы емес үйлер
    айына 1 тұрғынға
    177,0
    Жеке және заңды тұлғалар үшін
    1 м3
    1538,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.