Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қараша 2023 ж.

    Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 10962 гектар жерді Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округінің шекарасына беру арқылы Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы «Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 9-53 бірлескен шешіміне және Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 410 қаулысына келісім берілсін.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Ә. Смайылов

    Қазақстан Республикасының

    Үкіметінің

    2023 жылғы

    № қаулысына қосымша

    Қонаев қаласынан Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округінің шекарасына берілетін жерлердің экспликациясы

    Р/с №
    Аудан­ның ата­уы
    Жал­пы жер ауда­ны (гек­тар)
    оның ішін­де:
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­лер (гек­тар)
    ел­ді ме­кен­дер жер­ле­рі
    (гек-тар)
    өнер­к­ә­сіп, кө­лік, бай­ла­ныс, ға­рыш қыз­ме­ті, қор­ға­ныс, ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік мұқ­тажды­ғы­на және өзге де ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­ты­на ар­нал­ма­ған жер­лер (гек­тар)
    ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­дың жер­ле­рі, са­уық­ты­ру, ре­кре­а­ци­я­лық және та­ри­хим­ә­де­ни мақ­сат­та­ғы жер­лер (гек­тар)
    ор­ман қо­ры­ның жер­ле­рі (гек­тар)
    су қо­ры­ның жер­ле­рі (гек­тар)
    босал­қы жер­лер (гек­тар)
    1
    Қо­на­ев қа­ла­сы­нан Ал­ма­ты об­лы­сы Іле ауда­ны­ның Же­ті­ген ауыл­дық окру­гі­нің ше­ка­ра­сы­на бе­рі­ле­тін жер­лер­дің жал­пы ауда­ны
    10962
    2916
    526,7
    3174,8
    50
    445
    3
    3846,5
    _____________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.